Жарнама
Экономика

ҰЛТТЫҚ КЛАСТЕРДЕН ҰТАРЫМЫЗ КӨП

-Қазіргі уақытта экономиканы қалыптастыруда кластер құру аумақтар дамуының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бірден-бір тиімді тәсілі болып табылады. Ұлттық кластерлік жүйені құру арқылы көп нәрседен ұтарымыз да даусыз. Өз кезегінде бұған мемлекет тарапынан да жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Осы орайда елімізде өндірілетін «қара алтынның» басым бөлігін беретін, экономикасының жетекші салалары да мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібімен, машина жасау және сервистік қызмет көрсетумен тығыз байланысты болып келетін Атырау облысында мұның мүмкіндіктері аз емес. Тек сол тетіктерді ұтымды пайдалануды үйренсек, ештеңеден ұтылмасымыз да кәміл.

Бұл бағыттағы іс-шараларды ұйымдастырып, жүзеге асыру мақсатында республика Үкіметі, дәлірек айтқанда, салалық министрлік жанынан арнайы жұмысшы тобы құрылған.

«ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиясы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директорының кеңесшісі Жақсылық Құлекеев «Кластерлік даму: ерекшеліктері, артықшылықтары, шетелдік тәжірибе» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашының айтқандарын әріптестері – жұмысшы тобының кеңесшілері Мейрам Қажыкен мен Светлана Әлжанова толықтырды.

Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптарға қосымша, өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Ербол Қайранбаев пен Атырау еркін экономикалық аймағының басқарма төрағасы Нұрлан Садықовтың да өз салаларына қатысты хабарламалары тыңдалды.

Семинар-кеңеске қатысушылардың назарына ұлттық кластерді дамыту тұжырымдамасы мен стратегиясы, ұлттық кластердің жол картасы, кластерлік қауымдастық, кластерлерді жандандырудағы жергілікті билік органдарының рөлі, шетелдік инвестициялардың тікелей тартылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау көрсету шаралары да ұсынылып, осы мәселелер төңірегінде пікірсайыстарға да кезек берілді. Көкейде жүрген көп сауал да жауапсыз қалмады.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button