Экономика

ҚОСЫМША МАМАНДЫҚ ҚИЫНДЫҚТАН ҚҰТҚАРАДЫ

 

Ел еңсесі көтеріліп, экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірі дамыған алдыңғы қатарлы мемлекетке айналып, Қазақстанды әлем таныды. Бұл қазақстандықтардың  әбден шыныққан, қиындыққа бетпе-бет келіп, жеңіске жететіндігін көрсетіп тұр. Демек, біз бұл кедергіден де шаршамай-талмай өтеміз. Себебі, дағдарыстан өтудің басты тірегі енбек ету екендігін жақсы білеміз.

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары  – қиын кезеңнен шығу жолы екені белгілі. Біз қазір осы Ұлт жоспарын іске асырып, кәсіптік-техникалық білім арқылы жаңа мамандық алуға мүмкіндік жасап отырмыз. Заман талабына сай техникалық мамандарды дайындаудамыз. Өндірістің үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес, техникалық мамандарға деген сұраныс күннен-күнге артып келеді. Біз негізінен дуальды оқыту жүйесі негізінде «Радиоэлектроника және байланыс», «телефон байланысының электромонтері», «Автокөліктерге қызмет көрсету және пайдалану», «Газбен электродәнекерлеуші», «Жол құрылыс машиналарын техникалық пайдалану», «автокран машинисі», «бульдозер машинисі», «жүк тиейтін машина машинисі» мамандарын дайындаудамыз.

 Біздің түлектеріміз «Арнаулы автобаза» ҚМҚК, «Қазақтелеком» АҚ, «Стройметалл» ЖШС, «Атырау КамАЗ Автоорталығы», «Бипэк Авто Казахстан» ЖШС, «Атыраунефтемаш» оқу орталығы сияқты кәсіпорын, мекемелерде келісім-шарттық негізде тәжірибеден өтеді.

Осы әлеуметтік серіктестіктермен тұрақты байланыс орнатудың нәтижесінде бірнеше түлектеріміз  жұмысқа орналасты.

Қорыта келгенде айтайын дегенім, біздің елімізде еңбек етем деген адамға толық мүмкіндік бар. Дағдарысты біздің халық бұрын да бастан кешкен. Ауызбірлігіміз мықты болып, еселі еңбек етіп, Елбасының бағыт-бағдарымен жұмыс істесек, бұл дағдарыстан да өтеміз. Ең бастысы, ел тыныш, жұрт аман болсын!..

Гүлжан САБИРОВА,

Атырау көлік және коммуникация колледжінің директоры.

 

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button