
Компания шетелдік қондырғыларға көшеді
Өңірдегі «қара алтынды» өзге мемлекеттерге тасымалдаумен айналысатын «Каспий құбыр консорциумы» келесі жылдары теңіздегі №1 және №2 айлақтық қондырғыларын шетелдік агрегаттарға ауыстырмақ. Бұл жөнінде консорциум бас директоры Николай Горбань мәлімдеді.
– Бірінші және екінші айлақтық құрылғылар бір өндірушіден алынатын болады. Ал үшінші айлақты болашақта Ресейде жасалған құрылғымен алмастыру жоспарланып отыр, – деді ол.
Николай Горбанның айтуынша, үшінші құрылғыны жаңартуға қатысты жобалау, технологиялық шешімдер мен техникалық құжаттама толық дайындалып қойған. Қазіргі таңда жұмыстар қарқынды жүріп жатқан көрінеді.
– Жыл соңына дейін ресейлік якорь-кессондар дайын болады. Келер жылы бұл қондырғылар орнатылған соң, үшінші жылдымалы айлақты іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл шамамен 2026 жылдың екінші жартысына қарай жүзеге асады. Яғни, үшінші құрылғы толықтай Ресейде жасалып, отандық технологиямен іске қосылады, – деді ол.
КҚК басшысы Ресейлік өндірушімен жасалған келісімшарттың әзірге тоқтатылғанын атап өтті.
– Бұл акционерлердің шешімі. Алайда бұған дейінгі дайындықтар мен жұмыстар сақталып тұр, болашақта қайта қолданылуы мүмкін, – дейді ол.
Өз тілшіміз
Сурет: Ашық дереккөз