Жарнама
Экономика

Кәсіпкерлікті қолдауда 1000 жоба қаржыландырылады

Атырау облысында кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша өңірде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 68276-ны құраса, оның 63 мыңнан астамы белсенді қызмет атқаруда. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,8%-ға артық. ШОК саласында 155 321 адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері хабарлады.

Биыл шамамен 1000 жобаны қаржыландыру жоспарлануда. Ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында «Бизнес Аймақ» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. 2024 жылы осы бағдарлама аясында 480 миллион теңгеге 32 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде 21 тұрақты жұмыс орны ашылды. 2025 жылы бұл жұмысты «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жалғастыру көзделіп отыр.

Кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау шеңберінде 625 бизнес өкіліне 639 сервистік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ 3 406 адамға 11 мыңға жуық ақпараттық-консультациялық қызмет ұсынылды. Мемлекеттік бағдарламалар жөнінде кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жыл басынан бері облыс аумағында 26 кездесу ұйымдастырылып, 3000-ға жуық адам қамтылды. Сонымен қатар «Ашық есік күндері» 5 рет өткізіліп, оған 1 000-нан астам кәсіпкер қатысты.

Салық жүктемесін азайту мақсатында бөлшек салық мөлшерлемесі 4%-дан 2%-ға дейін төмендетілді. Атырау облысында кәсіпкерлікті қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасады. Қабылданған кешенді шаралар өңір экономикасының тұрақты дамуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына оң әсер етуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button