Жарнама
Экономика

Кәсіпкерлікті дамытудың жаңа көкжиектері

Мемлекет басшысының алты жылдағы саясаты мен бастамалары еліміздің экономикасына тың серпін беріп, көптеген саланың дамуына жол ашты. Оның ішінде, отандық өндірушілерді қолдау, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөлу өзекті.

Елдің дамуына үлкен үлес қосып, маңызды реформалар мен өзгерістерге қол жеткізді деп ойлаймын.

Мен жеке кәсіпкер ретінде, осы реформалар мен бастамаларды толық қолдаймын. Өз кәсібімді дамыту барысында мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен мүмкіндіктердің маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Президенттің басымдық берген бағыттарының бірі – отандық тауар өндірушілерді қолдау, бұл мен сияқты кәсіпкерлер үшін зор мүмкіндіктер туғызады.

Әсіресе, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған бағдарламалар мен қолдау шаралары мен үшін үлкен маңызға ие. Қиындықтарға қарамастан, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған жұмыстар менің өз ісімді кеңейтуге, жаңа нарықтарды игеруге және жастарды кәсіпкерлікке баулуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қоғамда қайырымдылық пен әлеуметтік жауапкершіліктің маңызы артты, бұл менің жеке өмірімде де маңызды рөл атқарады.

Алты жыл ішінде елде жүзеге асқан көптеген өзгерістердің жемісін көріп, мен кәсіпкер ретінде өз ісімді одан әрі дамытуға ынталымын. Президенттің реформалары мен қолдау көрсеткен бағыттары арқасында, елімізде болашақта да көптеген мүмкіндіктер мен жетістіктерге жетеміз деп сенемін.
Осылайш кәсібилікті ұштастырып, көптеген шәкіртті өмір жолына бағыттап, қолөнердің мәнін терең түсіндіруде маңызды рөл атқарып келеміз. Бұл процесс тек дағдыларды меңгерту ғана емес, шәкірттерге өз қолымен шығармашылық туындыларын жасауға мүмкіндік беріп, олардың дамуына зор ықпал етеді. Білім мен тәжірибені үйлестіріп, шәкірттерді тәрбиелеп, олардың өміріне ерекше із қалдырып, болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашуға тырысып келеміз.

Гүлжазира АЙМҰРЗАЕВА,
кәсіпкер, жеке тігін цехының басшысы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button