Кәсіпкерлер саны артты
— Есепті кезеңде «Аграрлық несие корпорациясы» облыстық филиалы арқылы «Агробизнес» бағдарламасы шеңберінде егін және мал шаруашылығы бағытында 7 кәсіпкерлік 124,6 миллион теңге несие алды.
Ауданда жалпы 260 кәсіпкерлік нысан тіркелген. 2021 жылы 11 кәсіпкерлік объектісі іске қосылды. 2022-2023 жылдары ауданда «PromGaz BP» ЖШС «Жанар жағар май стансасы» жобасын және «Атырау Құс» ЖШС-нің «Бройлерлік құс фермасы» жобасын іске асыру көзделуде. Оларда барлығы 126 жаңа жұмыс орны ашылатын болады, деді Махамбет ауданының әкімі Р.Жанқылыш.
Оның айтуынша, аудан көлемінде Индустрияландыру картасына жалпы құны 11,0 млрд. теңге құрайтын 5 жоба енгізілген. Олардың төртеуі іске асырылып, қазір «Meken Chiken» ЖШС «Бройлерлік құс етін өндіру фабрикасының» құрылысы жалғасуда.
Сондай-ақ, ол «Жумагалиева» шаруа қожалығы 4 гектар жерге жылыжай салу жобасын және «Guryev» ЖШС-і «Жылы және салқын су өлшеу құрылғыларын өндіру» құрылыс жұмыстары іске асырып жатқандығын жеткізді.