Жарнама
Экономика

Кәсіпкерге қамқорлық

Қазақстан  халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастағы  елдің барлық өңірлерінде кәсіпкерлермен кездесіп, «Қазақстан халқы  ассамблеясы  кәсіпкерлер  қауымдастығының   дамуының  жаңа векторлары»  тақырыбында бизнес-форум ұйымдастырып келеді.

Ел экономиксына сүбелі үлес қосатын осындай іс-шара бүгін Атырау қаласында өтті. Бұл форум кәсіпкерлер үшін  тәжірибе алмасатын,  өз идеяларын  ұсынатын және өзекті мәселелерді талқылауға  үлкен мүмкіндік берген ашық алаң форматында өтті.

Қауымдастық президенті, меценат Қайрат Айтбайұлы ұйымның жұмыс барысына тоқталып, өзге өңірлердегі кәсіпкерлердің  жағдайымен таныстырып өтті.

Бұдан өзге қауымдастық мүшелері де сөз алып, кәсіпкерлерге жан-жақты ақыл кеңес беруге әзір екендіктерін жеткізді.

Салтанат Сансызбай

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button