Жарнама
Экономика

Кәсіпкер әйелдерге қандай қолдау бар?

ӨТКЕН ЖҰМА КҮНІ «ZOOM» ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ ОНЛАЙН-АЛАҢЫНДА «АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРДІ КЕҢЕЙТУ ТӘСІЛДЕРІН ІЗДЕУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАТЫС ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ФОРУМЫ ӨТТІ.

«Coca Cola» халықаралық қоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, А қ т ө б е , А т ы р а у , Б а т ы с Қазақстан және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің қ о л д а у ы м е н « « Ж а с ы л экономиканы» қолдау және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ ұйымдастырған форумға атыраулық белсенді әйелдер де қатысты.

Бұл форум – республика бойынша жоспарланған өңірлік 4 форумның екіншісі. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық ж ә н е г е н д е р л і к с а я с а т тұжырымдамасын іске асыруды мақсат тұтады. Ауылды тұрақты дамыту, әйелдер кәсіпкерлігін өркендету, ауыл тұрғындарының өнімді жұмыспен қамтылуы және өзін[1]өзі жұмыспен қамту арқылы әл-ауқат пен өмір сүру сапасын көтеруді міндет еткен форумда осы мәселелердің барлығы да әңгіме болды. Әсіресе, жеке қосалқы шаруашылықтар м е н а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы кооперативтерін дамыту, осы саланы қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жергілікті өзін-ө з і б а с қ а р у қ ұ р а л д а р ы мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарына жергілікті деңгейде қол жеткізу көзделіп отыр.

Форум жұмысын оның модераторы – Қазақстанның ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің т ө р а ғ а с ы , р е с п у б л и к а Парламенті Мәжілісінің ІV, V, VI шақырылымдарының д е п у т а т ы М а й р а А й с и н а жүргізсе, республика Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның өкілі, Ауыл ш а р у а ш ы л ы ғ ы , Ұ л т т ы қ э к о н о м и к а , Е ң б е к ж ә н е халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары, «Coca Cola» компаниясының Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі үкіметтік және қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Александра Аккирман, сондай-ақ батыстағы облыстар әкімдерінің орынбасарлары құттықтау сөз сөйледі.

Онлайн-алаңда сөз алған « Ж а с ы л э к о н о м и к а н ы » қолдау және G-Global[1]ды дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат С ү л е й м е н о в , « С о с а C o l a белестері» және «Жеке қосалқы шаруашылықтар» онлайн мектептерінің мысалында ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін әлеуметтік тұрғыда қолдау, бизнес дағдыларды дамыту, тәлімгерлік және тәжірибе а л м а с у т у р а л ы а й т ы л с а , «Әлеуметтік динамика» ҚҚ д и р е к т о р ы Е л е н а О ж г о жасаған баяндамада Ақмола облысында «Қазақстандағы ауылдық әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуетін анықтау» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысы туралы сөз болды. Ал, «Ауыл әйелі – елдің тұрақтылығы мен әл-ауқатының факторы» атты панельдік сессияда «Атамекен» ҰКП Ақтөбе облысы филиалы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Күлпаршын Айдарханова, «Агронесие корпорациясы» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Рахмет Жаңбыров жасаған жұмыстарын ортаға салды.

« Ә й е л д е р к ө з қ а р а с ы : а у ы л д ы қ а у м а қ т а р д ы дамытудағы әйелдердің ролі» атты ІІІ сессияда облыстың э к о н о м и к а л ы қ ж а ғ д а й ы н жақсарту, жұмысқа орналасу мәселелерін шешу жөнінде әңгіме болды. Бастаған істі жеріне жеткізе орындауда әйелдердің үлесі мол. Мұны біз өз кәсібін ұршықша үйіріп отырған бизнесмен әйелдердің іс-әрекетінен көреміз. Бизнеске қалай келіп, бұл жолда қандай қиындықтар мен кедергілерге кезіккені турасында кәсіпкерлер – ақтөбелік Гүлжан Сәкенова, атыраулық Оңай Арыстанова, маңғыстаулық Күміс Қосбай, батыс қазақстандық Қарылғаш Сералиева және «Соса Cola белестері-2021» байқауының жеңімпазы Назгүл Хибашева (Атырау облысы) сөз қозғады.

Есепшіден – кәсіпкерге

Атыраулық кәсіпкер Назгүл Хибашеваның өзі айтқандай, ол саулығына байланысты негізгі жұмысынан қол үзіп, жеке кәсіпке бет бұрды. Шүкір, бастаған ісі – балалармен жұмыс. Оларға робототехниканың қыр-сырын үйретеді. Діттеген мақсатын жүзеге асыру үшін ол Гарвард университеті студенттерімен тығыз байланыс жасап отыр.

Н а з г ү л ү ш і н Қ а з а қ с т а н ғ а , ә с і р е с е , қазақ тілі мен дәстүріне қызығушылығы басым гарвардтық жас тарихшы ғ а л ы м , д о к т о р а н т Лиора Айзенберг есімді қыздың орны ерекше. Лиора Атырауға келіп, роботехникамен айнал ы с ы п ж ү р г е н қ а з а қ балаларымен кездесіпті. Өзі он тіл білетін шетелдік қыз қазақ тілін меңгеріп, домбыра тартуды үйренген.

– Б ұ й ы р с а , жұмысымызда бағдарламалар жасауды меңгеріп, қ а ж е т и н т е р а к т и в т і к панельдер, ноутбуктер м е н п л а н ш е т т е р д і көбірек алсақ, балалар дайындалатын кең жерге шықсақ дейміз. Бәрінен бұрын біздің ел мен тілге зор қызығушылық білдірген Лиораға қатты ризамыз. Ол келген күннен бастап біздің отбасымызбен бірге тұрды. Аса сыпайы, ізетті, кішіге қамқор оны өзіміздің қазақ қызы дерсің. Екі жақтағы осынау байланыс күшейіп, біздің балалар ағылшын тілін жете меңгереді, сөйтіп, болашақта Гарвард университетінің студенті атанады, — дейді Назгүл.

Олай болса, ертеңге сеніммен қарап, жастардан үміт күтейік!

Лиза СЕЙТІМОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button