Жарнама
Экономика

«Қашаған» қашан ауыздықталады?

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Атырау облысында болды

 

Атырауға жұмыс сапарымен келген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев облыс басшысы Нұрлан Ноғаевпен бірге Қашаған, Теңіз кен орындарын аралап, Атырау мұнай және газ өңдеу зауытының тынысымен танысты.

қазына аралындағы қарбалас

Сапар барысында министр Қашаған кен орнының «D» аралын, сондай-ақ «А» аралы мен ЕРС2, ЕРС3, ЕРС4 спутник аралдарын аралады. Сонымен бірге, «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысының жұмысымен танысып, маңызды келіссөздер жүргізді.

Айта кету керек, геологиялық-геофизикалық зерттеулер Қашаған кен орнында 35 миллиардтан астам баррель мұнай қорының бар екендігін анықтап отыр. Әлемдегі жаңа технология бойынша мұнай алу процесі басталған уақытта жасанды аралдарда 400 маман тұрақты жұмыс жасайды. Және «Қазақстан мұнай өңдеу дәуірінің жаңа кезеңіне аяқ басады» деп күтілуде.

 

Бақытжан ЖҰМАТ, Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Суретті түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

 

Толығырақ газеттен оқи аласыз.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button