Жарнама
Экономика

ҚАРТТАРДЫ ҚҰРМЕТТЕЙТІН КОМПАНИЯ

 

Жалпы, КТК-Қ компаниясы еліміздің мұнай-газ саласындағы іргелі құрылым саналады. Ол өндірістік жоғары көрсеткіштерімен қатар, қайырымдылық акцияларына да жиі қатысады. Компания басшылығы мұқтаж жандарға жәрдем беруге әр кез дайын. Мәселен, жақында ғана ардагерлер кеңесінің 100 мүшеcі-не «Атаба» супермаркетінде азық-түлік алу үшін әрқайсысы он мың теңгелік купон табыс етті. Балықшы аймақтық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Әлібек Түсібәлінің айтуынша, мұндай көмек – үлкен кісілерге көрсетіліп отырған ерекше құрмет. Кейбір мұқтаж жандарға аз-мұз азық-түлік қажет те шығар. Бірақ, ең бастысы – қарттардың назардан тыс қалмағаны.

Ардагер осы орайда компания басшылығына оның бас директорының үкіметпен байланыс жөніндегі орынбасары Меллят Қарабалин, жұртшылықпен байланыс бөлімінің аға маманы Любовь Евстифеева, үкіметпен байланыс бөлімінің маманы Асқар Шманов арқылы алғысын жеткізді. Алдымыздағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығын бірге қарсы алуға, кешегі майдангерлерге бар жақсылықты жасауға шақырды.

Компания басшылығының қайырымдылығын ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хамза Ғабдолла да атап өтті.

— Қазақтарда үлкенді сыйлау секілді жақсы дәстүр бар, — деді ол, — ендеше, сіздердің осы әрекеттеріңізді солай бағалауға болады. Бұл кейінгі толқынға өнеге болмақ. Олар да мұндай  істі жалғастырады.

Жалпы, компания демеушілігімен өңірде бірнеше жаңа әлеуметтік нысандар қатарға қосылды. Ауыз су мен кәріз желісі, табиғи газ бен  жол тартуға демеушілік жасалды. Білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт нысандары күрделі жөнделді.

Компания өкілі Асқар Шманов та инвесторлардың қарттарды қамқорлықсыз қалдырмайтынын жеткізді. Демек, мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да лайықты жалғасын таппақ.

М.СҮМЕСІНОВ.  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button