Жарнама
Экономика

«КҮЗГІ БАЛ» КЕРЕМЕТТЕРІ

 

— «Күзгі балды» өткізудегі негізгі мақсат – жоғары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында білім алатын студент жастар арасында берік рухани байланысты, жастардың бойында мәдени және шығармашылық қабілетті қалыптастыру болып табылады. Байқауды Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай, жастардың тарихи танымын, отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру үшін ұйымдастырдық» — дейді қазылар алқасының төрағасы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Арман Азаматов.

Таныстыру, күзгі сән үлгісі, үздік өнер сайысы бойынша бақ сынаған жұптар бар өнерлерін паш етті. Өздерінің біліктілігін, талғамдарының жоғары екендігін дәлелдей білген жастар сайысы көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Өнерлі жұптардың қай-қайсысы да өз кезектерінде бірінен-бірі асқан талап, таланттарымен ерекшеленді. Әсіресе, «APEC Petrotechnic» колледжінің атынан қатысқан Айнагүл Кемалова мен Давид Ғилмановтың өздерін таныстыруы қазіргі заманға сай қазақша, ағылшынша сәтті шықты. Олардың күзгі сән үлгісі де сергек ой мен қиялдың жемісін көрсеткендей дүние болды. Ал, музыкалық колледж студенттері Назерке мен Айдар ерекше би үлгісімен көрермендерін тәнті қылды.

Байқау қорытындысында Айнагүл Кемалова мен Давид Ғилманов байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды. Жүлделі I орынды Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы Атырау музыка колледжінің студенттері Назерке Базарбаева мен Айдар Әділов иеленді. Ал, II дәрежелі дипломмен Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің студенттері Айдана Әбдірова мен Жасұлан Қайыров, III дәрежелі дипломмен Атырау агротехникалық колледжінің өнерлі жұбы Шынар Серікова мен Әмірхан Ашинов марапатталды.

 

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА, Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button