Экономика
ҚҰСТЫҢ ДА ПАЙДАСЫ МОЛ
— Бала кезімде Исатай ауданындағы қазіргі Хамит Ерғалиев ауылына жиі баратын едім. Онда нағашы атам мен әжеме мал бағу жұмыстарына қолғабыс етіп жүрдім. Егер табыс көзін таба білсең, қазірде ауылда мүмкіндік мол. Сондықтан, бала кездегі арманымды орындап, биыл өз қаржыма Ресейдің Орынбор қаласынан 80 қаз бен 30 үйректің балапанын сатып алып келдім. Жалға алған жердің Боқсақ каналына жақындығын пайдаланып, қияр, қызанақ, қауын, қарбыз ектім. Сөйтіп, егін өнімдерін сатуға шығарып, пайдаға кенелдім. Алдағы уақытта түбегейлі құс етін сатумен айналысқым келеді. Құстың еті мен майы, қауырсыны мен мамығы адам ағзасына өте пайдалы. Ал, қаз майының үсік пен күйікті емдеуге шипасы мол, — дейді Ержан.