Жарнама
Экономика

Инвестициялық бағдарламаның игілігі мол

Қуатты Қазақстан қуатты өңірден басталады. Бұл үрдіске аймақтың энергетика кешенінің қосар үлесі, алар орны ерекше. Осы орайда энергокешеннің құрамына кіретін «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ында жүйелі түрде жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Бұл сапалы қызметке кепілдік беретін сенімді жүйені қалыптастыруға ықпал етпек.

Акционерлік қоғамның президенті Әлібек Темірғалиевтің айтуынша, кәсіпорынның басты қызметтік функциялары – жылу желісіне қосылған барлық тұтынушыға Атырау ЖЭО-да өндірілген жылу энергиясын (ыстық су күйінде) беру және тарату, сондай-ақ жылу желілерін, орталық жылу пункттерін (ОЖП), сорғы станцияларын пайдалану және жөндеу болып табылады. Бүгінгі таңда мұнда 55 орталық жылу  тарату пункті бойынша қызмет көрсетіледі. Оның ішінде 38-і кәсіпорынның теңгерімінде болса, алтауы сенімгерлік басқаруда, ал 11 жылу пункті шартқа сай техникалық қызметпен қамтылады. Сондай-ақ, кәсіпорынның иелігінде  2 сорғы станциясы және 426,7 шақырымнан  астам жылу желісі бар.

Сенімді жүйе – сапалы қызмет

«Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның 2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы шеңберінде былтыр (кейбір түзетулер енгізілгеннен  кейін) жалпы сомасы 746,6 млн. теңгені құрайтын 5 іс-шара жоспарланып, толықтай орындалды.

Нақтылай кетсек, жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту бағытында барлығы 574 млн. теңгенің жұмысы атқарылды. Негізінен мұнда диаметрі 720 мм  «ЖЭО – Пав.Восток» магистралды жылу желісі қамтылды. Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мақсатына 153 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Атап айтқанда, жылу құбырлары полиуретанмен, минералды мақтамен оқшауланып, сыртынан металдан дайындалған қорғаныш қаптамаларымен қапталды. Бұдан бөлек, бағдарламаның жабдықтарды жаңғырту бөлімінде қарастырылғанындай, 21,6 млн. теңге көлеміндегі қаржыға орталық жылу пункттері мен ыссы су жүйелеріндегі суды араластыруға арналған сорғылар сатып алынып, ауыстырылды.

Магистралды құбырды жаңарту басталды

Есепті мерзімде ұзындығы 3,5 шақырым, көлденең қимасы 720 мм магистралды жылу құбырын ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Тұрба құбырларының дәнекерленген жіктеріне 100% дефектоскопия жүргізілді. Коррозияға қарсы жұмыстар, тұрба құбырларының жылуын оқшаулау және оны мырышталған қаңылтыр қаптамалармен жабу жұмыстары атқарылды. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін жылу желісінің осы учаскесі сумен толтырылып, іске қосылды.

Энергия үнемделіп, тиімділік артты

Бағдарламаның тағы бір бөлімі жылу энергиясын үнемдеу мен тиімділігін арттыруды көздейді. Осылайша, 9,3 шақырым жылу құбыры көбікті полиуретанмен (КПУ) оқшауланды. Мұның ішінде қолданыстағы жер үстімен жүргізілген тұрба құбырларының тозған бөлігінің жөнделгенін, ішінара магистралды, тарату және кварталды жылу желілерінің ауыстырылғанын, жекелеген учаскелерінде оқшаулау-монтаждау жұмыстарының жүргізілгенін айрықша атап өтуге болады.

 Бұған барлығы 70,5 млн. теңгеге тарта қаражат шығындалды. Жалпы алғанда, 2011 жылдан бастап барлығы 138 шақырымнан астам тұрба құбыры оқшаулау материалдарымен қамтылды. Сайып келгенде, мұның өзі көздеген мақсат пен діттеген межеге жетуге жол ашты. Оған қоса, соңғы он бір жылда жалпы ұзындығы 15 шақырым тұрба құбыры мырышталған қаңылтырдан дайындалған қорғаныш метериалдарымен қапталды. Бұл шара шеңберіндегі нақты шығын көлемі 63,7 млн. теңгені құрады. Сонымен бірге «ОНС-1» насос  станциясындағы істен шыққан сорғылардың орнына жаңадан 2 бірлік құрылғы сатып алынып, орнатылды. Бұдан сенімді жүйенің сапалы қызметке кепіл боларын байқадық.

Дәулетқали АРУЕВ

Коллажды жасаған Айнагүл ЖОЛДЫБАЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button