Грантқа әркімнің де бар таласы…

DSC 03291 Экономика

«Бастау» жобасының шарттарын түсіндіру мақсатында өңірлік кәсіпкерлік палата өкілдері Индер ауданының тұрғындарымен кездесті. Онда шағын несиеден бөлек қайтарымсыз грант алудың тиімді жолдары айтылды.

DSC_0329(1)

Бүгінде бизнес бастауға арналған жоба республиканың 160 ауданында жүзеге асырылуда. Өкінішке орай, ең төменгі көрсеткіш Атырау өңірінде, соның ішінде Индерде байқалып отыр. Палата өкілдерінің айтуынша, оқытудан өткен 116 аудан тұрғыны жеке ісін ашуға еш асықпайды. Тек 11-і ғана несие алып, кәсіп ашқан. Сондықтан ауылдық округ әкімдері жұмыспен қамту орталықтарымен тығыз байланыс орнатуы тиіс.

DSC_0350

Осыдан кейін аудан тұрғындары несие рәсімдеуге кедергі келтіретін жайттарды атап өтті. Мәселен, Гүлбаршын Төлеуғалиева Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 1,5 миллион теңге несие алуға арыз беріпті. Құжаттарының бәрі қабылданған. Бірақ, оған сиыр емес, асыл тұқымды бұқа алу жөнінде талап қойылып отыр. Бұл қаншалықты дұрыс? Аталған мәселені шешіп беруді аудан әкімі Серік Арыстан аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысына тапсырды.

crop_dsc-0342_1537945634

Ал, мамандығы есепші болып келетін Айгерім Мұратова тігін цехын ашқысы келеді екен. Енді ол несиеге емес, қайтарымсыз грантқа заманауи тігін машинасын алуды көздеп отыр. Өз кезегінде палата мамандары бұл мүмкіндікке «Бастау» жобасы аясында өтетін байқауға қатысу арқылы қол жеткізуге болатынын жеткізді.

 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Индер ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз