Экономика
ДЕРБЕСТІК — ДАМУ КЕПІЛІ
— Айболат Ғизатұлы, жаңаның аты — жаңа. Дербес мекеме ретінде жұмыс жасаудың тиімді жақтарын қысқаша айта кетсеңіз.
— Әрине, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның өз алдына акционерлік қоғам мәртебесін алуы көптеген мүмкіншіліктерге жол ашты. Нақтылайтын болсақ, егер бұрын өндірістегі өзекті мәселелер Астанадағы бас кеңсе арқылы шешімін тапқан болса, енді жергілікті жерде жүзеге асырудың мол мүмкіндігі туды. Өндірістің проблемаларын дереу шешуге қол жеткіздік. Мәселен, өндіріске аса қажетті құрал-саймандар алу үшін тендер жариялау керек, тендер тек Астанада ұйымдастырылатын. Ол ұзаққа созылатын процесс. Бір тетікті алуды күту мерзімі өндірістік шаралардың шешімін табуына кедергі келтіретін . Бұл проблема енді түбегейлі шешілді.
— Компания өміріндегі оң өзгерістер өндірістік көрсеткіштердің өсуіне де ықпал еткен болар?
— Өндірістік процестердің жаңа қарқын алғаны рас. «Ембімұнайгаз» АҚ жыл басынан бері сегіз ай ішінде жоспарын 100,5% орындады. Мұнай тапсыру 100,65% орындалды. Өнім көрсеткішіне әсер ететін фактордың бірі — бұрғылау жұмыстарын жолға қою. Сегіз айда бұрғылаудан 61 жаңа ұңғыма қазылып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 56-сы мұнай өндіру және 5-уі су айдау ұңғымасы. Мұнай өндіру деңгейін қалыпты ұстау мақсатында ұңғымаларды күрделі жөндеуден және ағымды жерасты жөндеуден уақтылы өткізіп келеміз. Осы мерзім ішінде күрделі жөндеуден 211 ұңғыма өткізілді. Жерасты жөндеуден 2429 ұңғыма өткізілді. Ұңғымаларды күрделі жөндеуден өткізу нәтижесінде өндірілетін мұнай жоспары 132% артық өндірілді. Өндірісте соңғы уақытта жақсы жолға қойылған жұмыстың тағы бірі — кенішілік жолдардың сапасын жақсарту. 2013 жылы екі жаңа автокөлік жолы салынды және екі қолданыстағы автокөлік жолы қайта жөндеуден өткізілуде. Атап айтқанда, Атырау-Астрахан автокөлік жолынан Салтанат Балғымбаев кен орнына дейін 12 шақырымдық жол және Досмұхамбетов кен орнынан Ақтөбе кен орнына дейін 11,1 км жаңадан автокөлік жолы салынуда. Қаратон кен орнынан Тереңөзек кен орнына дейінгі 22,3 км автокөлік жолы және Атырау-Ақтөбе автокөлік жолынан Шығыс Мақат кен орнына дейін 10,8 км жол жөндеуден өткізілуде.
— Өлкеміз мұнай-газ қорына бай. Соның ішінде соңғы кездері ілеспе газды кәдеге жарату кең орын алып келеді. Осы әдісті сіздер де өндірісте пайдаланып жатқандарыңыздан хабардармыз?
— «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының екі мұнай-газ өндіру басқармасында ілеспе газды тазалайтын APIEL JGT компрессорын орнату қолға алынғаны жөнінде кезінде айтқан едік. Бүгінде «Доссормұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының «Шығыс Мақат» кеніші мен «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты «С.Балғымбаев» кен алаңында аталмыш компрессорды орнату толығымен аяқталды. Бұл — керекті құралдармен толықтай жабдықталған шағын екі зауыт. «Шығыс Мақат» кенішінде орналасқан ілеспе газды тазалау және кәдеге жарату қондырғысы іске қосылған мезетте газ көрші Қызылқоға ауданы тұрғындарының сұраныстарына орай берілетін болады. Ілеспе газды кәдеге жарату қондырғысының орнатылуы – үлкен жаңалық, ембіліктердің көптен күткен қуанышы. Аталмыш қондырғы іске қосылған мезетте мұнаймен бірге шығатын ілеспе газды ауаға жағу жайы толығымен реттеледі. Сол арқылы экологиялық проблемаларды оңтайлы шешеміз деп жоспарлап отырмыз.
— Айболат Ғизатұлы, жұрттың көкейіндегі бір сауалды қоюды жөн көріп отырмын. Кейбір БАҚ-да «Ембімұнайгаз» АҚ қызметіне қатысты сын жарияланды. Осы жөнінде түсінік бере кетсеңіз?
— Иә, біз туралы ақпарат құралдарында сыни материалдар жарық көрді. Осының негізінде төрт ай бойы тексеру жүргізілді. Жақында тексеру аяқталып, қорытындысы шықты. Кәсіпорын жұмысында заңға қайшы әрекеттердің орын алмағаны толықтай дәлелденді. Бәрі де заң шеңберінде жүзеге асырылуда.
— Бүгінгі күнгі талаптың бірі — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Осы үрдіс сіздерде де жақсы жолға қойылған ғой?
— Оныңыз рас. «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту туралы өзара түсіністік және ынтымақтастық Меморандумына осымен бірнеше жыл қатарынан қол қойылып келеді. Меморандум шарттарын орындаудағы біз үшін маңыздысы – мұнайлы өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытып, жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосу. Соның ішінде ерекше тоқталуға болатыны — Мақат ауданындағы Байшонас пен Ескене елді мекендерінің тұрғындарын жаңа қонысқа көшіргендігіміз. Осы мақсатта компания бюджетінен 5 млрд. 450 млн. теңге қаражат бөлініп, аталған елді мекен тұрғындары Атырау қаласындағы жайлы пәтерлерге қоныс аударды. Байшонас ауылындағы 378 отбасы, Ескенедегі 80 отбасы түгелдей жаңа мекенге қоныс тепті. Бүгінгі күні біз бұл жұмысты толығымен аяқтадық.
— Сұхбатыңызға рахмет. Еңбектеріңізге табыстар тілейміз.

Қосұйым МҰҚАШЕВ