Жарнама
Экономика

Болашақ зауытқа — үлкен тапсырыс

Атырау өңіріндегі ғана емес, еліміздегі машина жасау өнеркәсібінің тұғырлы кәсіпорындарының бірі саналатын «АтырауНефтеМаш» ЖШС бүгінде осы саладағы отандық көшбасшы компаниялардың қатарында.

Кәсіпорын қазіргі уақытта өзінің тарихында бұрын-соңды болмаған, теңдесі жоқ ірі габаритті жабдықтар өндірісіне кірісті. Бұл жабдықтар болашақта салынатын полиэтилен зауытына арналып шығарылмақ.

Компания басшылығының мәлімдеуінше, жақында мұнда пиролиз қондырғысын орнатуға қажетті баған-тіректерді дайындау жұмыстары басталған. Олардың әрқайсысының салмағы – 700 тонна, биіктігі – 51 метр. Ал қосарланғандағы салмағы 1470 тонна, биіктігі 101 метрді құрайды. Бұл екі қондырғы да пиролиз кешенінің құрамына кіреді және полиэтилен өндірісінде аса маңызды рөл атқарады.

Жоба бойынша, нысан іске қосылған алғашқы кезеңнің өзінде-ақ мұнда түскен тапсырыстың 50%-дан астамын орындау мүмкіндігі қарастырылған.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қыркүйек айында Атырауда өткен жергілікті өндірушілерді қолдау жөніндегі форум аясында «АтырауНефтеМаш» ЖШС мен Tecnicas Reunidas және Sinopec Engineering Incorporation консорциумы арасында келісімшартқа қол қойылды. Дәл осы құжат – болашақ жобаның құқықтық негізін қалады.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button