БАЛЫҚ ӨНІМДЕРІ ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ
Айта кету керек, алғашқы қадамын осыдан он үш жыл бұрын балық аулау, кептіру, сату жұмыстарымен бастаған «Інжу-Маржан» кәсіпорны бүгінгі күні Қазақстанның басқа аймақтарына, сондай-ақ, Әзірбайжан, Ресей, Грузия және Украинаға балық жеткізіп келеді. Тұтынуға дайын өнімді шығаруға мүмкіндік беретін өндірістік цех та жұмыс жасайды. Енді балық өнімдері қала орталығындағы Байтұрсынов 127 мекен-жайынан ашылған дүкенде сатылғалы отыр.
«Адам денсаулығына қажетті дәруменге толы балық өнімдерін жоғары сапада ұсынып отырмыз. Алдағы уақытта дүкенді одан әрі үлкейтіп, халықтың сұранысын өтеуге әзірміз», — дейді серіктестік басшысы Гүлфара Ысмағұлова.
Дүкен сөрелерінен он жеті түрлі балықтың түрінен дайындалған отызға тарта тағам түрлерін табуға болады. Мысалы, кептірілген табан келісі – 350, жеңіл тұздалған форель – 2600, салқын, ысталған ақмарқа – 800, қара балықтың тұздатылған турамасы – 400, қуырылған балықтар – 300 теңгеден бастап сатылуда.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.
Суретті түсірген
Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.