Экономика
«Баку-Тбилиси — Джейхан» мұнай құбыры арқылы 954 мың тонна «қара алтын» жөнелтілді
Жыл басынан бері қаңтар-тамыз айларында «Баку-Тбилиси — Джейхан» мұнай құбыры арқылы 954 мың тонна қазақ мұнайы тасымалданды. Кестеге сәйкес, БТД бағыты бойынша мұнайды жөнелту биыл 1,5 млн. тонна деңгейінде жоспарланған.
«Energy_monitor» телеграмм-каналының мәліметіне сәйкес, былтыр еліміз Баку – Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша 1,392 миллион тонна мұнай тасымалдаған, бұл 2022 жылдың көрсеткішінен 5,5 есе көп.
Айбөпе САБЫРОВА
Сурет: kaz.inform.kz