Жарнама
Экономика

БАҒА ҚАЛАЙ ТҰРАҚТАНАДЫ?

Облыстық әкімдік пен Қазақстан Халық партиясы облыстық комитеті бірлесіп ұйымдастырған жиында облыс бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Атырауға азық-түлік өнімдері негізінен Ресей, Өзбекстан, Иран, Пәкістаннан, сондай-ақ, өзіміздің Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстарынан тасымалданады. Бүгінде бағаның өсуіне маусым аралық кезеңнің тап келуі мен жол шығынының қымбаттауы айтарлықтай әсер етіп отыр. 

Азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру үшін жергілікті бюджеттен 1135,5 миллион теңге бөлініп, «Айналым схемасы» арқылы кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз берілді. Атап айтқанда, 555,0 миллион теңге «Идеал Маркет» ЖШС бөлініп, 400,5 миллион теңге қаражатқа 15 түрлі азық-түлік тауарлары сатып алынды. Сондай-ақ, бірінші сұрыпты нан бағасын тұрақты ұстау мақсатында «Желаев» ЖШС-нен 3080 тонна ұн алынып, қазір 155 теңгеден наубайханаларға таратылуда.

Соңғы уақытта «Агрофеликс» ШҚ өзінің өндірген өнімдерін «Дина», Көктем, Насиха, Сарайшық базарларында бұрынғы бағамен сатып отыр. Қазір нарықта еттің де бағасы күннен күнге шарықтап бара жатыр. Осы орайда жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың 200,5 миллион теңгесі ет және тауық еті бағаларын тұрақтандыру мақсатында «JCS Corporation» ЖШС-не бөлінген болатын. Сол себепті қазір аталған кәсіпорын арнайы белгіленген 16 сауда үйінде сиыр етінің бір келісін 1850 ден, тауық етінің келісін 920 теңгеден саудалауда.   

Бүгінде қырыққабат Өзбекстан мен Ираннан келеді. Осы аталған елдердегі бағаның өсуі бізді де айналып өтпеді. Былтырғы жергілікті өнім бойынша тұрақтандыру қорында 7,4 тонна қырыққабат бар. Бұл аталған қордың төрт сауда нүктесінде 125 теңгеден халыққа ұсынылуда. 

Қаңтар-тамыз айларына жоспарланған үш жақты Меморандумға сәйкес, бірінші сұрыпты нан мен ұн бағаларын тұрақты ұстап тұру мақсатында өңірге 12000 тонна бидай алуға тапсырыс берілген болатын. Қазір облыста бірінші сұрыпты нан бағасы 90 теңгеден сатылуда. 

Диас ТАРАСҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button