Жарнама
Экономика

Азамат АСЫЛБЕКОВ, Атырау қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер: «АТЫРАУ – мүмкіндіктер мекені»

Барды бар, жоқты жоқ деп айтпай, тірлігіміздің түзелмейтіні рас. Жақсылықтың өзі кемшілікті көруден, жаңа идеялардың туындауынан бастау алады. Біз қолға алған «Бүкпесіз әңгіме» айдарының мақсаты да осы – ақиқат алаңын құру. Ал, мұндағы кейіпкерлер де іште сырын бүгіп қалмай, кез-келген тақырыпта еркін пікір білдіре алатын, қоғамға шын мәнінде жаны ашитын өз ісінің кәсіби мамандары болмақ.

Жаңа айдарымыздың алғашқы спикері – Атырау қалалық мәслихатының депутаты, «Каспий-РГК» ЖШС директоры, қоғам белсендісі Азамат Асылбеков.

Полипропилен зауыты – ауқымды жоба – Азамат Бисалыұлы, алдымен инвесторлар туралы айтыңызшы. Шетелдік компаниялар біздің өңірдің көбінесе мұнай-газ саласына қызығушылық танытады. Ал, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, өзге де салаларда бірлесе жұмыс атқаруға неге құлықсыз?..

– Аймақта дамытуға тұрарлық сала көп. Соның бірі және бірегейі – химия кешені. Химия кешені дегенде, біз базалық және мұнай-газ химиясын бөліп айтуымыз керек. Бұл саланың жүзеге асуына бірден-бір үлес қосып жатқан арнайы экономикалық аймақтың жұмысы, яғни Қазақстанда өндірілетін мұнай мен газ шикізат күйінде шетелге асырмай, оны терең өңдеп, дайын өнімдер шығаруға дейін кластер құру. Ол бойынша келесі жылы іске қосылатынелдегі ең үлкен жоба – полипропилен зауытын айтуға болады.

Полиэтилен, полипропилен, бутадиен өндіру жобалары «якорлық жобалар» болып табылады. Бұлардың жүзеге асуы басқа шағын өндірістер мен кәсіпорындар үшін маңызды. Өйткені, аталған жобалар шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнай-газ химиясы жобаларының сыйымдылығы аймақтың өзінде-ақ 20 миллиард АҚШ долларынан асып түседі. Осы негізде өндірілетін шикізаттар үлкен инвестициялық мүмкіндіктер туғызады. Ол үшін Қазақстан Үкіметі тарапынан атқарылып жатқан жұмыс жалғасын табу керек. Шикізаттан келесі сатыға оны өңдеуге өтуіміз керек.

Нақтырақ айтсақ, мұнай мен газдан жартылай дайын өнімдер шығаруымыз қажет. Одан әрі қолда шикізат болса, мұнай-химия саласы сөзсіз дамиды.

Калийдің қадірін қашан білеміз?

Химия саласы бойынша Атырау – мүмкіндіктер мекені. Мысалы, Индер ауданы минералды пайдалы қазбаларға өте бай. Ол жерде қазір өндірілетін техникалық тұз бен ас тұзынан бөлек, үлкен каустикалық сода зауытын салуға немесе тұзды қышқыл өндірісін дамытуға болар еді. Менің ойымша, бұлар үлкен инвестициялық жобаларға жол ашады.Сонымен бірге, Индер күмбезінде калий тұзының өте үлкен қоры бар. Ал, Қазақстанда калий тұзының кеніштері көп емес. Тіпті, мұндай кеніштер дүние жүзінде де санаулы. Кеңес өкіметі кезінде мұны өндіру бойынша үлкен жоспарлар құрылғанымен аяқсыз қалған. Қазір әлемде ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету басым бағыттардың бірі болғандықтан, өнім көлемін арттыру үшін неше түрлі тыңайтқыштар қолданылады. Ал, калий тұзына негізделген тыңайтқыштар – өнім көлемін арттыруға таптырмайтын минералдар. Әлемде бұл саламен айналысып отырған компаниялар да бар. Ал, елімізде негізгі күш мұнай-газ саласын дамытуға бағытталған. Химия кластері, яғни Индердегі қазба байлығын игеруге қатысты әлі күнге дейін кешенді жоспар жоқ. Бұл – үлкен мәселе.

Қытай – қара уылдырық елі 

Атырау өңірінде бұдан өзге де салаларды дамытуға мүмкіндік мол. Соның бірі – ауыл шаруашылығы, оның ішінде балық шаруашылығы. Қазір бекіре тұқымдас балықтардың қара уылдырығын ең көп шығаратын қай мемлекет екенін білесіз бе? Ол – Қытай мемлекеті. Әлемдегі қара уылдырықтың 60-70 пайызын осы ел береді. Олар жабық тоғандардың өзінен-ақ мол өнім алып отыр.Сондықтан, бізде де мүмкіндік мол. Салаға озық технологиялар енгізу арқылы толағай табыстарға жетуге болады. Еліміздегі суы тапшы, жері құнарсыз, ауыл шаруашылығына жарамсыз деген өңірлердің өзі үлкен әлеует береді. Өйткені, озық технологиямен жұмыс жасайтын Израиль елінің климаты да біздің өлкеге ұқсас. Солай бола тұрса да, агроөнеркәсіп саласы қарқынды дамыған. Фермерлер мол өнім алып, Еуропа, ТМД елдеріне экспорттайды.

Болашақ – «жасыл» энергияда

– Кенже қалып жатқан мұндай салаларға инвестиция тартудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз?

– Біріншіден, облыстың транзиттік әлеуетін пайдалануымыз қажет. Астрахан-Ақтөбе жолы жөнделгеннен кейін Атырау тоғыз жолдың торабына айналады. Осы мүмкіндікті пайдаланып,үлкен логистикалық хаб жасақталғаны жөн. Ресей мен Орта Азияға, Кавказ бен Иранға кететін жүк бізде жинақталып, жан-жаққа бағытталуы қажет.

Екіншіден, су көздерін тиімді пайдалану да инвестициялық әлеуетті арттырады. Бұл дегеніміз – кәріз суын қайта тазарту, жер асты суларын пайдалану, суды үнемдеу технологияларын енгізу. Өйткені, жыл сайын судың құндылығы өсе бермек.

Үшіншіден, «жасыл» энергия көздерін пайдалану да алдағы 10 жылдықта декарбонизация үрдісіне байланысты маңызы арта бермек. Мәселен, БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымының (ПРООН) зерттеуіне сәйкес, Қарабатан аймағы – Қазақстандағы жел энергетикасындағы ең әлеуетті орындардың бірі. Астын сызып көрсетіп отырған осы мәселелер бос сөз емес. Шын мәнінде, біздің қолымыздан келетін істер. Мол табыс, елге пайда әкелетін дүниелер.

Атыраулықтар – әлем нарығында

Өзіңізге мәлім, мол инвестицияны қажет ететін кәсіпке екінің бірі ниет білдірмейді. Үлкен табысқа жету үшін үлкен тәуекел керек. Аймақта бизнесті дамытуға, кәсіпкерлерге «күш-жігер» беретін мотиватор компанияны атаңызшы? Кім үлгі бола алады?

whatsapp image 2021 10 05 at 16.06.59

– Мен бизнесті дамытуға мотиватор ретінде Қазақстанның нарығында өзінің орнын тауып, импорттан арылып, экспортқа шығып жүрген өндіріс орындарын атар едім. Ондай компаниялар аз емес.Атыраудың өзінде өз күшімен табысқа жетіп, шетел нарығына шығып жүрген компаниялар баршылық. Солардың қатарынан (мұны жарнама деп түсінбеңіз) «Еділ-Орал.KZ» компаниясын ерекшелеп айтуға болады. Олар мұнай-газ компанияларын құрып, әлемдік стандарттарға сәйкес тренингтер өткізумен айналысады. Соңғы жылдары Әзербайжан елінің ірі компанияларына оқыту жүргізіп жатыр. Өзіңіз ойлап көріңіз, қазақстандық оқыту орталығы басқа мемлекеттерге өзінің білімін сатып, табыс тауып отыр. Бұл – тамаша жетістік! Жергілікті «Үркер» ЖШС-де Ресей, Катар мемлекеттеріндегі үлкен жобаларға өз өнімдерін ұсынып, қазақтың дәнекерлеушілері әлем елдеріне шығып жүр. Мұның өзі өзгелерге зор мотивация береді.

Онлайн – озық жүйе

 – Пандемия бизнеске қаншалықты шығын әкелді? Карантиндік шектеулерге «шалынбай», кәсібінен еселеп пайда тауып жатқандар – кімдер? Қазір бизнес кілті қай салада?

– П а н д е м и я – экономикалық дағдарыс секілді елге үлкен сабақ. Тәжірибе деуге де болады. Кез-келген кризис әлсіз компанияларды ығыстырып шығарады да, мықтылардығана қалдырады. Нақтырақ айтар болсақ, нарықты әлсіз компаниялардан тазартатын механизм.

П а н д е м и я к е з і н д е бизнестің барлық түрі де қиындықпен бетпе-бет келді. Мәселен, онлайн жүйенің енуіне байланысты кеңселерді жалға берумен айналысатын компаниялардың жұмысы тоқтап қалды. Керісінше, IТ-сектор, соның ішінде түрлі интернет платформаларымен жұмыс жасап, онлайн кеңсе ұйымдастыратын компаниялардың жұлдызы жанып тұр. Қазір қарқынды дамып жатқан сала – медицина. Ал, еселеп ақша тауып жатқан – онлайн сауда-саттық жүйесі. Сондықтан, өзге бизнестер де жаңа талапқа бейімделуі керек. Бүгінгідейахуалда басы артық шығындардан арылу керек, тіпті, бұл аса маңызды. Онлайн жұмыс жасауға болатындықтан, қазір кеңсе ұстаудың қажеттілігі де жоқ. Немесе аумағы атшаптырым әмбебап дүкендер мен қоймалардың да қажеті шамалы. Біз осыны түсінуіміз қажет.

Алдын болжаған Абердин

 – Әлемдік экономиканы алда не күтіп тұр?

– 2015 жылы Хьюстонда өткен «әлемдік мұнай астаналарының кеңесіне» қатыстым. Сонда таң қалғанмын. Американың мұнайлы астанасы – Хьюстон, Ұлыбританияның мұнайлы астанасы – Абердин қалаларының әкімдері сол жылдардың өзінде «мұнайға сұраныс азайғанда, біздер «вахталық» қалашық болып қалмау үшін не істеуіміз қажет?» деп кеңес құрған еді. Хьюстон алдағы 20 жылда медицина мен ғарыш туризмін дамытуға, ал Абердин «жасыл» экономиканы дамытуға шешім қабылдап жатты. Уақыт өте келе, олар дұрыс болжағанына көзім жетті. Жалпы алғанда, алдағы 20-30 жылда әлемдік экономика қатты өзгеріске ұшырайды. Мұнай мен газ отын ретіндегі ролі азайып, бағасы түседі. Сол кезде біз де дайын болып, экономикаға диверсификация істеуіміз керек. Біздегі мұнай-газды полимерлерге айналдырып, мұнай химиясы нарығында орын алуымыз қажет.

«Өзге елде сұлтан болғанша…»

– Сізді соңғы кездері не толғандырады?

– Мені қынжылтатын мәселе – Атыраудан талантты жастардың басқа жаққа кетуі. Экология, білім берудің сапасы, медициналық қызмет сапасына орай жастардың көпшілігі үлкен қалаларға, тіпті шетелге қоныс аударып жатыр. Егер Атырауда жастардың толық жетілуіне, ж а й л ы ө м і р с ү р у і н е жағдай жасалса, олар да өз қаласының өркендеуіне осы жерде отырып үлес қосар еді.Мен Қазақстанның әр өңірінен ең ақылды, алғыр жастардың біздің қалаға келгенін қалаймын. Атырау жастардың арман қаласына айналуы қажет. Ол үшін жақсы жұмыс орындары, жайлы инфрақұрылым, сапалы білім мен медицина қамтамасыз етілсе деген арманым бар.

– Ашық-жарқын әңгімеңіз үшін шынайы ризашылығымызды білдіремін. Бек рақмет!

Сұхбаттасқан

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button