Жарнама
Экономика

Ауыз су мәселесі қалай шешілуде?

Махамбеттіктердің  98,1 пайызы ауыз суды орталықтандырылған желі арқылы тұтынуда.

Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш ауданда ауыз сумен қамту мәселесінің қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Аудан халқының 98,1 пайызы ауыз суды орталықтандырылған желі арқылы пайдалануда. Махамбет ауылының  №1 және №2 және Сарытоғай ауылының су тазарту қондырғысын күрделі жөндеуден өткізу үшін 135 778,0 мың теңге қаралды,-деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Махамбет ауданына қарасты 6 кішігірім елді  мекенде, яғни атап айтқанда Есмахан, Көздіқара, Томан, Ө.Атамбаев, Бала Ораз, Кеңөріс елді мекендерінде су тазарту қондырғылары жоқ. Десе де, бұл елді мекендер жер асты су көздерін пайдаланбайды. Ауыл тұрғындарына ауыз су автокөлікпен тасымалданады.

Р.Жанқылыш бұл мәселені шешу мақсатында іргелес ауылдық округ орталықтарындағы су тазарту қондырғыларынан су желілерін тартуға жобалау жұмыстары басталғанын жеткізді.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Махамбет ауданында 15 су тазарту қондырғысы жұмыс істеп тұр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button