АУЫЛДАҒЫ АГРОФИРМАЛАР
Кездесудің басты мақсаты жұртшылыққа кәсіпкерлікті қолдау шараларын түсіндіру еді. Айта кетелік, Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы мен «Халық банкі» басшылығы арасында кәсіп иелеріне банктік және басқа да қаржылай көмек түрлерін мейлінше толығырақ жеткізу бағытында ынтымақтастық Меморандумына қол қойылған-ды. Бұл кездесу де осы бағыттағы шаралардың бірі болды.
Жиында кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалармен қатар, банк шарттарымен танысты. Мәселен, «Халық Кәсіпкер» бағдарламасымен қаржы ұйымынан 120 ай мерзімге 150 млн.теңге көлемінде несие алуға болады. Оны қызметін жүргізіп жатқан шаруа қожалықтары, заңды тұлғалар, жеке нотариустар ала алады.
Кездесуге қатысушыларды Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы тарапынан көрсетілетін бизнесті сервистік қолдау шаралары көптеп қызықтырды. Айталық, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында сервистік көмек алу ақысыз негізде арнайы қызмет түрлерін қолдануға бағытталған. Бұл жұмыстар Атырау қаласы, Азаттық көшесі,17 үйдегі Кәсіпкерлерді қолдау орталығында, мобильдік орталықтар арқылы аудандарды аралау шараларынан (маусым айында) бастауын алды. Сегіз айдың қорытындысында 336 кәсіпкерлік субъектілеріне 784 сервистік қызмет түрлері көрсетілген.
Одан әрі кездесуде кәсіпкерлерді несие алу, бизнес-жоспар жасақтау, кепілдік мәселелері көбірек толғандырды. Олар мұндай жиындар алдағы уақытта да жиірек өткізіліп тұрса деген тілектерін білдірді. Осындай кездесу жақында Мақат ауданында өткізілмек.
А.МҰРАТҚЫЗЫ.