Жарнама
Экономика

Шаруагерлерге – 109 мың тонна дизель

Көктемгі дала жұмыстарында шаруагерлерді қажетті отынмен қамтамасыз ету үшін Атырау мұнай өңдеу зауыты 109 мың тонна дизель  жеткізбек. Бұл туралы зауыттың қоғаммен байланыс қызметі хабарлап отыр.  

Өткен наурыз айының қорытындысына сәйкес, Атырау мұнай өңдеу зауыты егіс науқанына 22,6 мың тонна дизель жөнелтсе, сәуір айында қосымша 26 мың тоннаға жуық отынды жеткізуді жоспарлап отыр. Дизель отыны Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына жіберіледі.

Далада дүбір басталып, көктемгі жұмыстар басталған сәтте шаруагерлерді дизельмен қамту – маңызды мәселе болып отыр. Жуырда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов  өткен ақпан айындағы жағдай бойынша дизель отынының жиынтық қалдықтары 315,4 мың тоннаны құрағанын атап айтқан болатын. Былтырғы жағдаймен салыстырғанда қалдықтар көлемі 113,8 мың тоннаға артқан. 

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button