Жарнама
Экономика

Атырауға Тайвань делегациясы келді

Кездесу Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті. Бұл туралы Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі мәлім етті, — деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Делегация құрамында Алматы қаласындағы «TAITRA» Тайвань сауда орталығы өкілдігінің директоры Моника Пен және аталған өкілдіктің маркетинг жөніндегі маманы Ләззат Сағындықова, сондай-ақ «Giantlok Co. Ltd Taiwan»компаниясының өкілі Джозеф Чан бар.

Кездесу барысында Моника Чан «TAITRA» Тайвань сауда орталығының өкілдігі Қазақстанда 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Оның негізгі міндеті – екі елдің кәсіпорындары арасындағы бизнес-қатынастарды дамыту. Аталған сауда орталығының бас кеңсесі Тайбэй қаласында орналасқан. Әлемде сауда орталығының 62 өкілдігі бар, олардың бірі Алматыда жұмыс істейді.

77

— Біздің сапарымыздың негізгі мақсаты — Атырау мен Тайвань бизнес-топтары арасында екіжақты өзара тиімді ынтымақтастық орнату. Біз сіздермен алғаш рет кездесудің нәтижесінде өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалады деп үміттенеміз және оларды болашақта нақты пысықтайтын боламыз. Өздеріңіз білетіндей біздің еліміз IT-технологиялар, электр жабдықтарын өндіру, машина жасау саласында озық болып табылады және тұтастай алғанда біз ынтымақтастықтың барлық салаларын қарастыруға дайынбыз. Егер қандай да белгілі бір сала қызықтырса, біз Тайваньның бейінді компанияларының тізімін ұсынамыз және байланыс орнатуға дайынбыз,- деді Моника Пен.

22

Әрі қарай қатысушыларға Тайваньмен бизнес жүргізудің мүмкіндіктері мен болашағы туралы таныстырылымы ұсынылды. Сонымен қатар, Джозеф Чан өз компаниясының қызметі туралы айтып, өздері шығаратын өнімдердің үлгілерін көрнекі түрде көрсетті.

88

Өз кезегінде жергілікті кәсіпкерлер Тайвань делегациясының өкілдеріне сауалдарын қойып, өз ұсыныстарын айтты. Осы тұрғыда «Жұмағалиев» ШҚ басшысы, Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі кеңесінің мүшесі Өтеміс Жұмағалиев жергілікті шаруалар Атырауда қант қызылшасын өңдейтін зауыт салу жобасын қарастырып жатқанын айтты. Осыған байланысты, кәсіпкерлерді Тайваньнан жабдықтар жеткізу және оны мемлекет қолдауымен лизингке алу мүмкіндігі қызықтырып отыр.

Тайвань делегациясының өкілдері барлық айтылған ұсыныстарды қабыл алатынын айтып, ынтымақтастыққа шақырды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button