Атыраудың тулаған балығы – оның «тірі» байлығы

balykoktem 3 1024x682 1 Экономика

Облысымызда балық шаруашылығы жыл өткен сайын дамып келе жатса да, мемлекет тарапынан қолдауды қажет етеді.

Балық шаруашылығы және оның дамуы облысымыз үшін маңызы жоғары.  Балық аулау – Атырау облысы үшін дәстүрлі сала және өңір экономикасының негізін құрайды деуге болады. Осы салада көп жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан мекеменің бірі – «Жамбыл атындағы» Өндірістік кооперативі.

«Жамбыл атындағы» Өндірістік кооперативінің балықшылары Жайық өзеніндегі мұздың тұруына байланысты,  2020 жылғы  күзгі  балық аулау  маусымын аяқтады. Осы уақыт аралығында балықшылар өздеріне бөлінген лимиттің  30-35 % орындады. Әлемдік нарықта Атыраудың балығына сұраныс жоғары. Сондықтан, балықты өсіріп, көбейтуге Үкімет тарапынан қаржы қаралып, балық өсіру мен аулауға субсидия берілсе деген өндірістік кооператив балықшыларының тілегі бар.

«Жамбыл атындағы» Өндірістік кооперативі  2020 жылға арналған балық шаруашылығын дамыту жоспарыны сай, көптеген жұмыстар жүргізді. Атап айтсақ, «Таза жағалау» акциясына байланысты Жайық өзенінің жағасы мен Жоғарғы Зарослая учаскесінде тазарту жұмыстарын жүргізді.  Жайық өзенінің бергі беті құрғақ-қатты қоқыс қалдықтарынан тазартылып,  өзен бетіндегі мұздарды жарды. 

Иә, ата кәсіп – балық шаруашылығын заман талабына сай қалпына келтіруге баршамыз болып жұмыла еңбек еткен- де ғана, ісіміз оңға басары хақ.

М. Базарғалиев,

«Жамбыл атындағы» Өндірістік кооперативі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз