Жарнама
Экономика

Жаңа бизнес идеялар үшін мемлекеттік грантқа іріктеу басталды

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 5 млн теңгеге дейін берілетін мемлекеттік грант конкурсына 574 кәсіпкер қатысып жатыр, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Алты жүзге тарта кәсіпкердің ішінен аймақта бұрын-соңды болмаған 20 кәсіпкердің жобасы ғана мақұлданады. Комиссия мүшесі Серік Қадыровтың айтуынша, 13 жылдан бері кәсіпкерлерге беріліп келе жатқан грант ережесінде бірқатар өзгеріс бар. Сонымен қатар комиссия отырысына тәуелсіз байқаушылар да қосылды. Олар іріктеудің жүру барысы әділ өтуін бақылайды.

biznes 2
  • Бұрын осы уақытқа дейін кездеспеген бизнес идея оны ашатын өңірде жоқ болса өтініш мақұлданып, грант берілді. Ал қазір облыста кездеспеген тың идеялар ғана қарастырылатын болып шешілді. Өйткені биыл бөлініп отырған қаражаттың көлемі — 100 млн теңге. Ал комиссия мүшелері шешімді әділ қабылдауы үшін қатарға тәуелсіз бақылаушылар қосылды. Олар бақылаушы болуға алдын ала өтініш беріп, тіркелді. Оған облыстағы әр тұрғын қатыса алады.Іріктеу жұмыстары 14 қарашаға дейін жалғасады,-деді С.Қадыров.

Грантқа құжат қабылдау басталғалы бері оған қатысу үшін 787 өтініш түсіп, комиссия қарауына тек 574 кәсіпкердің жобасы жіберілді. 165 өтініш құжаттардың толық болмауына байланысты кері қайтарылды, 48 өтініш иесі жобасын қайтып алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button