Атырауда салық органдары кәсіпкердің шоттарына негізсіз шектеулер қойған

piksabaj Экономика

Атырауда кәсіпкердің банктегі шотына негізсіз шектеу қойылған, деп хабарлайды atr.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғалары жеке кәсіпкердің банктегі шоттарына заңсыз шектеу қойған.

«Кәсіпкер 2017 жылы мейрамхана нысанын салу үшін екінші деңгейдегі банктен 60 млн теңге сомасына несие алған. Алайда, ол кіріс таппағандықтан, мейрамхананы сол бағаға сатып, несиесін төлеген. Мемлекеттік кірістер бөлімінің қызметкерлері кәсіпкерге сатылған құнның 10 пайызы, яғни 6 млн теңге көлемінде салық төлеу туралы хабарлама жолдаған. Салық заңнамасына сәйкес, жеке кәсіпкердің кірісі болмаған жағдайда нөлдік көрсеткіші бар кірісті көрсете отырып, салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттемелер ғана туындайды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Осыған байланысты департамент қызметкерлері мемлекеттік кірістер департаменті мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығымен кездесу ұйымдастырды. Соның нәтижесінде кәсіпкердің банктік шотынан шектеулерді алып тастау жөнінде оң шешім қабылданды.

Сурет Pixabay.com сайтынан алынды

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз