Жарнама
Экономика

Атырауда ҚҚС төлеушілер қатары артпақ

Облыста қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеушілердің қатары көбеймек. Бұл туралы жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бастығы Арлан Бурумбаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

ҚҚС – қосылған құнға салынатын жанама салық, ол кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлар мен қызметтерді өткізуінен түсетін кіріске салынады. ҚҚС төлеушілерге жылдық айналымы белгіленген шекті мөлшерден асатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер кіреді.

–   Қазір өңірде осыған байланысты тіркелген 5 мың адамның 2 мыңнан астамы қосымша құн салығын төлеуі тиіс. ҚҚС бойынша енгізілетін жаңа өзгерістерге сәйкес мемлекет салық мөлшерін 12%-дан  16%-ға дейіе өсірсе, облыстағы құн салығын төлеушілердің саны 5 мыңнан 25 мыңға дейін артады деген болжам бар,- деді А.Бурумбаев. 

Спикердің айтуынша, өңірде салық саясатын жетілдіру және кәсіпкерлерді қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. ҚҚС төлеушілер санының артуы бюджетке түсімін ұлғайтып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button