Экономика
Атырауда қант тапшылығы жоқ
Көрші елдердегі геосаяси шиеленіс импортқа тәуелді біздің нарыққа да әсер еткені белгілі.
Соның салдарынан өңірде кейбір азық-түлік түрлеріне тапшылық туындап, халық арасында дүрбелең болғаны да жасырын емес. Тауардың аздығын алға тартқан алыпсатарлар бағаны шарықтатып үлгерді. Осы мәселені шешу мақсатында шаһарда шұғыл шаралар қолға алынды.
Бүгінде қалада қант тапшылығы жоқ. Мониторинг жұмыстары күн сайын жүргізіліп отыр.
— Жуырда үш вагон қант келді. Олардың әрқайсысында 68 тоннадай қант бар. Сонда қорда 200-ден астам тонна құмшекер бар. Алдағы уақытта тағы да екі тонна қант күтіп отырмыз, — деді М.Қалауи.
Айбөпе САБЫРОВА