Экономика

Атырауда бизнес форум өтуде

Атырауда «Business Forum: Beyond oil and gas» форумы басталды. Н.Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында ұйымдастырылған басқосуда қоғамның, әсіресе жастардың назарын ресурстық емес экономика мен бизнесті дамытудың маңызды тақырыбына аудару туралы айтылуда.

Сонымен қатар табысты кәсіпкерліктің нақты кейстерін көрсету, жастарды цифрлық трансформация және электрондық коммерция, стартап қозғалыстар жөнінде маңызды мәліметтер талқыға салынып жатыр.

Шара модераторы «Bolashaq Business Club» сарапшылар клубының төрағасы Жәнібек Серікұлының айтуынша, форумға қатысушылар Орталық Азиядағы әйелдердің цифрлық кәсіпкерлігін дамытуға ықпал ететін TechnoWomen шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігіне ие болады.


Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button