Жарнама
Экономика

Атырауда бензин бағасы өсе ме?

Бұл туралы облыстық энергетика басқармасы мәлім етті, — деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің белгіленген құжаттарына сәйкес, Энергетика министрінің «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өңдеу және олардың айналымын реттеу туралы» бұйрығының күші жойылды, яғни 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап жанар-жағармай бағалары Үкімет тарапынан реттелмейді.

Атырау облысы бойынша қазір жанар-жағармаймен қамтамасыз етіп отырған 121 бекет бар. Қала және аудандар бөлінісінде отынның қалдық қоры жеткілікті. Республика көлемінде жанар-жағармай бағаларының бірте-бірте ай сайынғы өсімі жоспарланып, атаған мәселе ҚР Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында тұр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button