Жарнама
Экономика

Атырауда 9 инвестициялық жоба жүзеге аспақ

Бұл туралы Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«2021-2025 жылдарға арналған Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына» сәйкес, белгіленген жылға дейін 338 жұмыс орынын құрып, 10,8 млрд теңгеге 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

-Оның ішінде биыл Атырау қаласында «Нұрлы-Тал» этносаябағы, Құрманғазы ауданында туристік балық аулау базасы, Мақат ауданында Ақтөбе–Атырау тасжолы бойындағы кемпинг, Исатай ауданында «AMANDYG» кемпингі салынып, ал Құрманғазы ауданындағы «Қиғаш» туристік базасына қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. Сондай-ақ 2021-2022 жылдар аралығына жоспарланған Махамбет ауданындағы «Сарайшық» визит орталығы мен Атырау қаласындағы белсенді демалыс отбасылық саябағының құрылысы жүруде. Оған қоса 2022-2024 жылдар аралығында Индер тұзды көлінің жағалауына шипажай-сауықтыру кешені мен 2024-2025 жылдар аралығында Махамбет ауданына «Эльдорадо» демалыс базасын салу жоспарланған, деді Н.Жаңабеков.

Биыл ішкі және кіру туризмі бойынша 57,7 мың адамға 1 млрд 722 млн теңгеге қызмет көрсетілген. Өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда келуші туристердің саны екі есе артып отыр. Бұл статистикалық мәлімет туризм саласындағы жеке кәсіпкерлердің өз қаражаты немесе демеушілер есебінен салынған инвестиция. Оған статистикалық есептемелерге сәйкес нысандар салынып, құрылғылар сатып алынған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button