Жарнама
Экономика

Атырау облысының әкімі Асан мен Сүйіндікке барды

Атырау облысының әкімі шалғайдағы Асан, Сүйіндік ауылының тұрғындарымен кездесті.

Облыс әкімі Құрманғазы ауданына жұмыс сапары барысында алдымен Үштаған ауылындағы құм тоқтату жұмыстарымен танысты.

Бұл елдімекенде құм тоқтату жұмыстары екі кезеңге бөлінген. Қазір 1-кезең бойынша 4,5 гектар жер учаскесіндегі жұмыстың 40%-ы орындалды.

Іс-сапар барысында Серік Шәпкенов бекітілген кестеге сәйкес Асан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы округте атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, тұрғындардың ұсыныс-пікірін тыңдады.

Жиында ауыл тұрғындары интернетпен қамтамасыз ету, дәрігерлер тапшылығы, балаларға арналған спорт алаңының қажеттігі, мерзімді басылымның қолжетімсіздігі секілді мәселелерді көтерді.

Бұдан бөлек облыс әкімі Сүйіндік ауылдық округінің тұрғындарымен де кездесті.

Ауыл тұрғындары азық-түліктің қымбатшылығы, дәрі-дәрмек қолжетімсіздігі, жаңа ауылішілік жолдардың қажеттігі сынды сұрақтарды көтерді.

— Қазіргі таңда Асан, Сүйіндік ауылдық округтерінде шешімі кезек күттірмейтін мәселелер бар. Мұндағы бірінші мәселе — ауызсу проблемасы. Қазір осы елдімекендерде бұл өзекті мәселені шешу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Екінші мәселе — бұл қолжетімді медицина. Адам өмірі — басты құндылық. Сондықтан жаңа амбулаториялық емхана салып, оны жедел-жәрдем көлігімен қамту мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұл сұрақ та келесі жылға дейін шешімін табады. Ендігі өзекті мәселе — болашақ ұрпақтың саулығы. “Балалар жылы” аясында балалардың уақытын тиімді өткізу үшін үйірмелер ашып, спорт нысандарын салу қажет. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Десе де, нақты жобаны ұсынарда санға емес, сапаға мән беру шарт,-деді Серік Шәпкенов.

Облыс әкімі тұрғындар көтерген мәселердің барлығы назарға алынып, рет-ретімен шешілетінін айтты.

Кездесуден кейін аймақ басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Жиыннан соң Серік Шәпкенов Сүйіндік ауылдық дәрігерлік амбулаториясына барып, оның жұмысымен танысты.

Облыс әкімінің тұрғындармен кездесуі Құрманғазы ауданы әкімдігінің «Facebook» желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілгенін айта кетейік.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button