Жарнама
Экономика

Атырау облысы мен Envision Energy стратегиялық әріптестікті нығайтуда

Атырау облысына жаңартылатын энергия көздері саласындағы жетекші халықаралық Envision Energy компаниясының өкілдері аймаққа іссапармен келді. Делегацияны холдингтің жоғары лауазымды басшысы Вэй Вэй мырза бастады. Кездесу барысында Атырау облысы әкімінің міндетін атқарушы Марат Мурзиев пен қытайлық делегация энергетика саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын талқылады, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін атыраулық делегация Қытайға іссапар барысында аталған компанияның жұмысымен танысқан болатын. Екі жақты диалог осы сапар аясында жалғасын тапты.

Envision Energy — жел энергетикасы, өнеркәсіптік инфрақұрылым және цифрлық басқару платформалары саласында кешенді шешімдер ұсынатын ірі трансұлттық корпорация. Өндірістік қуаттары мен ғылыми-зерттеу орталықтары Қытайдың Шанхай қаласы мен Цзянсу провинциясында орналасқан.

  • Атырау облысы — энергетика мен инвестициялық тартымдылық тұрғысынан еліміздегі жетекші өңірлердің бірі. Бұл аймақ Қазақстандағы жалпы мұнай өндірудің 57%-ын, ал газ өндірудің 80%-ын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар мұнай мен газдан бөлек, бром, калий, бор, тұз, кірпіш балшығы сынды пайдалы қазбаларға бай. Қазір өңірде Қытай капиталымен тіркелген 38 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың қатарында мұнай-сервис, құрылыс, қайта өңдеу, жел және газ электр станцияларын салу сынды ірі жобалар бар. Аймақ пен ҚХР арасындағы сауда айналымы 2024 жылы 1,6 млрд АҚШ долларына жеткен, — деді М. Мурзиев.
152a0064

Бүгінде Атырау облысында 1300 МВт электр қуаты пайдаланылады. Өнеркәсіптік тұтыну 70% құрайды. 2030 жылға дейін аймақта шамамен 300 МВт электр энергиясы тапшылығы болуы мүмкін. Осы ретте Envision Energy компаниясының жобалары өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және орнықты даму басымдықтарына сай келеді.

Қос тарап алдағы уақытта өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендерін білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button