Жарнама
Экономика

«Атырау-Астрахан» жолы қашан ашылады?

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Нұрлыбек Ожаев Исатай ауданында болды.

«Атырау-Астрахан» тасжолын күрделі жөндеуден өткізіп жатқан мердігер мекемелердің өкілдерімен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Төрт мердігер мекеменің өкілі бас қосқан кездесуде Нұрлыбек Жұмахметұлының басты сауалы жұмыс қарқынының не үшін баяу жүруі туралы болды.

  • — Аталған тасжолдың жалпы ұзындығы-277 шақырым болса, 217 шақырым жолды қайта жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда ең бірінші мәселе керекті құралдардың жетіспеушілігі. Атап айтсақ, қиыршық тас пен битум қоспасының жетіспеушілігі және дизель бағасының күрт өсуі – жұмыстың баяу жүруіне бірден-бір себеп. Көршілес Ақтөбе, Маңғыстау облыстарынан 24 000 вагон қиыршық тас әкелу жоспарланған, бүгінге дейін оның 6000-нан аса вагоны ғана жеткізіліп отыр. Тасжолда төрт мердігер мекеме жұмыс жасап жатыр. 217 шақырымның 80 шақырымына жөндеу жұмысын аяқтауды жоспарлап отырмыз,-дейді «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Болатбек Айтбеков.

Жол құрылысының жай күйімен танысқан депутат Нұрлыбек Ожаев мердігер мекемелерге биыл жолдың көп бөлігі бітетініне үміттеніп отырған халықтың сенімін ақтау үшін әлі де жұмыс қарқыны күшейіп, артылған міндетті толыққанды орындауды қаперге берді. Сонымен қатар, «Сине Мидас Строй» мердігер мекемесінің зертханасымен танысып, жұмыстың жалпы жай-күйін бақылады.

  • — Жөндеу жұмысына қажетті құралдардың жетіспеушілігі, сайып келгенде, мердігер мекемелердің мәселесі. Бастапқыда жөндеу жұмысы жоспарланған кезде қандай міндеттер артылды сол бағыт бойынша, уақытында күрделі жөндеу жұмысы аяқталуы тиіс,-деді ол.

Сондай-ақ «AMANAT» партиясының фракция мүшесі ретінде Нұрлыбек Ожаев Зинеден, Исатай ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткізді. Зинедендіктер жоспарда тұрған мәдениет үйінің құрылысын бастауға қаржы бөлуге ықпал етуді сұраса, исатайлықтар «жыр» болған электр желісін «Атырау-Жарық»АҚ теңгеріміне беру жұмыстарын аяқтауды, ауылдан жаңа балабақша салуды ұсынды. «Қуантарлығы, тұрғындар жеке бастың ғана емес, жалпы ауылдың дамуына қатысты негізгі мәселелерді қозғап келген», — деді мәжілісмен.

2022 08 22 obshij.jfif

Дереккөз: atpress.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button