Жарнама
Экономика

Атырау алты айда неге қол жеткізді?

Биыл облыс алғашқы жартыжылдықта әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін көрсетті. Облыстық экономика және қаржы басқармасының мәліметінше, бірқатар салада өсім байқалып, негізгі көрсеткіштер бойынша ілгерілеу тіркелді.

Атап айтқанда, көлік және қоймалау қызметтерінің көлемі 383,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім көрсетіп, нақты көлем индексі 121,1% деңгейінде қалыптасты.

Сонымен қатар, байланыс қызметінің көлемі 9 206,2 млн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 100,0% деңгейінде тұрақтады. Бұл саладағы қызмет көлемі былтырғы деңгейін сақтап отыр.

2025 жылғы 1-тоқсанда облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,9% болды. Бұл көрсеткіш еңбек нарығындағы тұрақтылықты аңғартады.

Жалақы мөлшерінде де оң динамика байқалды. 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында облыс бойынша орташа айлық жалақы 634 234 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,0% деңгейінде өсім бар екенін көрсетеді.

Облыс экономикасы біртіндеп дамып, әлеуметтік көрсеткіштер де жақсарып келеді. Бұл – өңірдегі мемлекеттік қолдау шаралары мен инвестициялық белсенділіктің нәтижесі.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button