Атырау облысы – құрылыс секторына инвестицияны ең көп салған өңір

20180828111827 Экономика

Атырау құрылыс саласына ең көп инвестиция салған облыс атанып отыр. Салаға бағытталған жалпы қаражаттың  30,1 пайызы – мұнайлы өңірге тиесілі.

20180828111827

Соңғы жылдары құрылыс индустриясы Қазақстан экономикасының локомотивіне айналды. Салаға салынған инвестицияның көлемі айтарлықтай өсуде. Қазір оның мөлшері 40 млрд. теңгеге жетті. Ал, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 35 млрд.  200 млн.  теңге болатын. Мамандар соңғы бес жылда құрылысқа бағытталған қаражаттың тұрақты ұлғайғанын айтып отыр. Әсіресе, Атырау өзге облыстармен салыстырғанда көш басында тұр. Яғни,  40 млрд. теңге инвестицияның 12,05 млрд. теңгесі біздің аймаққа тиесілі екен. Елімізде жыл басынан бастап негізгі капиталға салынған инвестицияның мөлшері өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1 трлн. 400 млрд. теңгеге өскен. Осылайша, қаражаттың жалпы сомасы 5 трлн.  500 млрд. теңгені құрады.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Амановтың айтуынша, жыл басынан бері Атырау облысында 388,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,1 пайызға артық. Жергілікті жерде тұрғын үйлермен қатар, әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеруде. Биыл жыл соңына дейін 14 балабақша, 8 мектеп пайдалануға беріледі. Бұдан өзге, 8 денсаулық сақтау нысаны, 6 мәдениет үйі, спортты дамытуға арналған үш орын келушілерге есігін айқара ашады.

 

Азамат Сансызбайұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз