Алтынның құны қымбаттауы мүмкін

aaiaiaa Экономика

Citigroup сарапшылары алтын бағасының қазіргі нарықтағы деңгейден 25 пайызға өсуін болжап отыр.

TengeLifekz телеграм каналының хабарлауынша, алтын құнының өсуіне себеп болып отырған басты жағдай – Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропадағы геосаяси шиеленістің күшеюі және Қытай тұтынушыларының алтынға деген сұранысының артуы.

Екінші жартыжылдықта қымбат металдың бағасы 2500 доллар деңгейінде болады, ал 6-18 айдан кейін унция үшін 3 300 долларға көтерілуі мүмкін.

–Кейбір сарапшылар қымбат металдың болашағына оптимистік көзқараспен қарайды. Goldman Sachs жыл соңындағы алтын бағасының болжамын бір унция үшін 2700 долларға дейін көтеріледі деп болжайды. Инвесторлар алтынды инфляциядан қорғау құралы ретінде қарастырады, сондықтан экономикалық тұрақсыздық кезеңінде ақшаны алтынға салған жақсы нәтиже береді, – делінген TengeLifekz таратқан мәліметте.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз