Жарнама
Экономика

«АЛШЫ» ҚОРЫНЫҢ МАРАПАТЫ

Шараны ашып, жүргізген «Алшы» қорының төрағасы Бекет Қарашиннің айтқанындай, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша Атырау қаласының көшелеріне гүлзарлар жасалып, мыңдаған түп көшет отырғызылды, газон егілді. Елді мекендерді абаттандыру, Жайық бойын, саябақтар мен аллеялар, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, қала тұрғындары демалып, серуендейтін тамаша орындарға айналдыруға көңіл бөлінді. Осы ретте қаладағы жоғары оқу орындары, колледждер, лицей-мектептердің студенттері мен оқушылары, басқа да қоғамдық ұйымдар белсенділік танытты.
— Адамзат өз тағдырында ағаштан артық бірде-бір тазарту қондырғысын ойлап таба алған жоқ, — деді қор төрағасы одан әрі. — Жасыл желектің қоршаған ортаны, экологияны сауықтырып, адам денсаулығына тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Сондықтан, болашақта Атырауды ең әдемі, ең таза, ең үлгілі де қауіпсіз қалаға айналдыру жолында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында атқарылар жұмыстардың оң нәтиже беретіндігіне сенім білдірді.
Бұдан әрі бағбаншы Қатауғали Бохан өзінің көп жылдан бері қалаішілік гүлзарлар, көшеттер отырғызудағы іс-тәжірибесін айтса, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жастар саясаты орталығының директоры Ізгілік Ахмет оқу орны студенттерінің жыл сайын көгалдандыру ісінде белсенділік танытып жүргендігін сөз етті. Көптеген табиғат жанашырлары қаланы жасыл белдеуге айналдыруда өздерінің ойда жүрген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Шара соңында «Жасыл Атырау» жобасы аясында өткізілген байқаулардың бір топ жеңімпазы қордың арнаулы дипломдары, бағалы заттай сый-сияпаттарымен марапатталды.

Ғ.ЗИНУЛЛИН.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button