Жарнама
Экономика

Әлеуметтік кәсіпкерлер 5 млн. теңгеге дейінгі қаржылай қолдауға ие бола алады

Атырау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік гранттар бойынша өтінім қабылдауды бастады. Бағдарлама аясында қатысушылар 5 млн. теңгеге дейінгі қаржылай қолдауға ие бола алады, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өтінімдер онлайн форматта қабылданады. Қатысу үшін www.kazetti.kz платформасы арқылы тіркелу қажет.

–Өтінімдер 2025 жылғы 26-30 мамыр аралығында қабылданады. Жоба аясында бюджеттен жалпы сомасы 106 миллион теңге қарастырылған. Грантқа қатысу үшін үміткердің әлеуметтік кәсіпкерлік мәртебесі болуы қажет. Сонымен қатар «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалисі ретінде есептелетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де қатыса алады, — деді кәсіпкерлік қолдау бөлімінің басшысы Сәттіғұл Сабыров.

Жоба грант шартына қол қойылған күннен бастап 18 ай ішінде жүзеге асырылуы тиіс.
Ал бөлінген қаражат өндірістік жабдықтар, шикізат, технологиялар, франшизалар сатып алуға, сондай-ақ жобаны жүзеге асыруға байланысты басқа да шығындарды өтеуге жұмсалуы мүмкін.

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button