Жарнама
Экономика

АГРОСЕКТОРДА АЛҒА БАСУ БАР

Аграрлық сектор — аймақ экономикасының жетекші салаларының бірі. Биылғы жыл басынан бері облыстың ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жиынтық өнім көлемі 4,4 млрд.теңгеге жуықтады. Физикалық көлем индексі 106,7 пайызды құрады. Мұнда мал шаруашылығы, егіншілік пен өңдеуші саланың өзіндік үлес-еншісі бар екенін айта кеткен ләзім.

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасынан алынған ақпаратқа сүйенсек, бүгінде облыс орталығының өзінде 280-нан астам шаруа қожалығы қолына алған кәсібін табысты дамытуға талпынуда. Бұлардың 117-і мал бағумен, 151-і егіншілікпен және 16-сы балық шаруашылығымен шұғылданады. Осы жылы қалаға қарасты егістік алқаптың аумағы 1,5 мың гектардан асты. Оның 132 гектарын картоп, 575 гектарын көкөніс, 389 гектарын бақша және 501 гектарын мал азықтық дақылдары қамтиды. Бұдан басқа қала аумағында жалпы ауданы 9 гектарды құрайтын 23 жылыжай жұмыс жасайды.

      2024 жылы көктемгі су тасқынының салдарынан атыраулық шаруагерлер де айтарлықтай зардап шегіп, елеулі қиындықтарға тап болды. Соған қарамастан олар өздерінің бап  баптап өсірген егіндерінен 840 тонна өнім жиды. Мамандардың мәліметінше, биыл бұл салада жалпы құны 9,3 млрд. теңгеге бағаланған, іске қосылғанда жаңадан 90 жұмыс орнының ашылуына кепілдік беретін екі ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланыпты. Бұлардың бірі ,,Жолмұханов Б» жеке кәсіпкерлігінің теңгеріміндегі сыйымдылығы 1 000 тонналық көкөніс сақтау қоймасы мен көтерме бөліп-тарату орталығы (құны 5,8 млрд.теңге, 40 жұмыс орнына есептелген). Ал екіншісі — ,,Жұмағалиева Н» шаруа қожалығының жобасы. Оның жобалық құны 3,5 млрд.теңге, құрылатын жұмыс орны 50.

     Көкөніс сақтау қоймасының сыйымдылығы 6 000 тонна.

Қазіргі уақытта бұл екеуіне қатысты  жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Осыған қарағанда, аграрлық секторда алға басу барын аңғару қиын емес.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button