«Әділ бизнеске қолдау қажет»
Бизнес әділ жұмыс істеуге дайын болса, оларға қолдау көрсету керек. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық бизнес өкілдерімен кездесу кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Елімізде «қамқоршылар» мен рейдерлікке жол берілмеуі қажет. Егер бизнес әділ әрі таза жұмыс істеуге дайын болса, креативтілік танытса, заман талабына сай тартымдылық көрсетсе, оларға қолдау жасау керек. Атап айтқанда, осындай бизнес өкілдерінің ұлттық экономиканың жаңа моделіне қосылуына көмек көрсеткен абзал», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Ақордада Президент отандық бизнес өкілдерімен кездесу кезінде кәсіпкерлер мемлекет мүддесін жоғары қоя білуі керек екенін айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бизнеске қысым көрсетудің әрбір дерегі Бас прокурордың қадағалауында болуы тиіс екенін тапсырды.