Жарнама
Экономика

2025–2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу тұжырымдамасы – ұзақмерзімді дамуға негіз

Бүгінде еліміз үшін басты міндеттердің бірі – сенімді әрі заманауи отын-энергетика кешеніне негізделген қуатты және әртараптандырылған экономиканы қалыптастыру. Бұл бағыт – Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін нығайтуға, жаңа өндірістерді дамытуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қызмет ететін стратегиялық басымдық.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қазіргі таңда Үкімет ел үшін аса маңызды бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруда. Сонымен қатар экономикамыздың тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін іргелес салаларға ерекше көңіл бөлініп келеді. Мәселен, отандық зауыттардың өндірістік қуатын жаңғырту, жергілікті өнімді басымдықпен сатып алу арқылы жол-құрылыс саласын толыққанды отандық битуммен қамту – тиімділігін дәлелдеген нақты қадамдардың бірі.

Еліміздің мұнай өңдеу саласын жаңа сапалық деңгейге көтеретін маңызды құжат – 2025–2040 жылдарға арналған мұнай өңдеу тұжырымдамасы қабылданды. Бұл тұжырымдама саланың тұрақты өсуі мен технологиялық жаңғыруына серпін береді. Ол ішкі нарықты сапалы жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге, экспорттық әлеуетті арттыруға және экологиялық стандарттарға сай өнім өндіруді жолға қоюға бағытталған.

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті ұжымы үшін бұл тұжырымдаманың қабылдануы – ғылыми зерттеулерді өндіріспен ұштастырып, жаңа буын инженерлерін даярлаудың және еліміздің мұнай-газ саласына заманауи шешімдер ұсынудың мүмкіндігі. Университет қабырғасында жүзеге асырылып жатқан зерттеулер мен білім беру бағдарламалары аталған құжатта белгіленген мақсаттарға толық сәйкес келеді.

Біз, университет ретінде, Қазақстанның мұнай өңдеу саласын дамытуға арналған ұзақмерзімді тұжырымдаманы жүзеге асыру ісінде ғылыми және кадрлық әлеуетімізді жұмылдырып, ұлттық экономиканың өркендеуіне үлес қоса береміз.

Гүлзада ШАКУЛИКОВА,
«С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button