Жарнама
Экономика

Экономикалық өсудің басты драйвері

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауы технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында ел үшін стратегиялық бағдарларды айқындайды. Ол Қазақстанның жасанды интеллект шешуші рөл атқаратын жаңа цифрлық нақтылықта лайықты орын алуына бағытталған.

a73fe04b 5909 4365 9104 c8ec063fccd0 1

Жолдауда инновациялар мен экономикалық өсудің драйвері болып табылатын кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударылды. Жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді енгізу бизнестің болашағын кеңейтеді. Соның ішінде бизнес-процестерді оңтайландырып, шығындарды азайтады. Стартап-экожүйелер мен инновациялық жобаларды дамытады. Цифрлық платформалар арқылы жаһандық нарықтарға шығуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттырары сөзсіз.

Бұдан басқа, назар аударуды қажет ететін қиындықтар бар. Мемлекет басшысы отандық кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елдерінің кәсіпорындарымен салыстырғанда мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіз көлемін алатынын атап өтті. Бұл қазақстандық бизнесті қолайсыз жағдайларға душар етеді және бәсекелестерге тіпті ішкі нарықты да беруге мәжбүр етеді.

799d07d8 1e6e 4006 b63a a5cc39615d84

Бұл жағдайды еңсеру үшін үкіметке отандық өндірушілер үшін тең мүмкіндіктерге қол жеткізе отырып, Еуразиялық сауданың әділ шарттарын табанды және дәлелді түрде қорғауды тапсырды, ал депутаттарды бизнес мүдделерін қорғауға және қолайлы нормативтік орта құруға бағытталған заңнамалық бастамаларды ілгерілетуге шақырды.

Президенттің Жолдауы, реформалардың нақты бағытын белгілейді және кәсіпкерлерді белсенді дамуға ынталандырады.    

Бизнес-қоғамдастық айтылған бастамаларды қолдайды және ортақ мақсаттарға жету үшін мемлекетпен сындарлы диалог пен әріптестікке дайын.

Нұрлан СҮЙІНБАЕВ, 

Атырау облысы Кәсіпкерлер Палатасының директоры

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button