Жарнама
Экономика

Экономикадағы барлық салаға әсер етеді

Қосылған құн салығы 20%-ға көтерілсе, өзгеріс барлық саланы қамтиды. Бұл біртіндеп бағаның көтерілуіне әкеледі. Бұл өзгеріс ешкімді айналып өтпейді, себебі бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Электр энергиясы, газ және жанар-жағар май тарифтерінің бағасы онсызда көтеріліп кетті. Осыдан-ақ қорытынды жасау қиын емес.

Әсіресе, қосымша құн салығын есептеудің деңгейі төмен салаларға айтарлықтай әсер етеді. Мысалы, қызмет көрсету саласы, атап айтсақ қонақ үйлер, туризм, консалтинг, заңгерлік және бухгалтерлік қызметтер және т.б. Өйткені қызмет көрсету саласындағы негізгі шығынға еңбекақы жатады. Үйлердегі шағын сауда, қоғамдық тамақтану орындары. Бұл көбінесе бастапқы құжаттар берілмейтін базарлардан тауарлар мен азық-түлікті сатып алған жағдайларға қатысты. Осындай компанияларға қосымша жүктеме артылып, ол тауардың немесе қызметтің бағасына қосылады. Кәсіпкерлер баға бәсекелестігіне төтеп бере алмаған жағдайда, нарықтан шығып, бизнесін жабуға мәжбүр болады.
Қазір байқасаңыз, сауда жасап, қызмет көрсеткенде қолма-қол ақша қабылдамай жатыр, ондай төлем түрі заңды бола тұра. Міне осыларды ескеріп, кәсіпкерлердің табысының көбеюіне, «көлеңкеден» шығуына жағдай жасап, мүмкіндік туғызса да, солардың салық түсімінен бюджетке түсетін қаржы көбейер еді.
Қосымша құн салығы – бизнес саласында маңызды орын алатын, сауда айналымын реттейтін маңызды салық. Егер шынымен ол ұлғаятын болса, абдырап қалған кәсіпкерлер бастапқыда төлеп, ақырындап жұмыс істеп, бір жолдарын іздестіріп көруге тырысуы мүмкін, бірақ ұзақ мерзімде мұның теріс салдары болары сөзсіз. Сондықтан бұл салымның ашық жүргізілуі, шағын және орта кәсіпкерлікке ауыртпалық салмауы барынша ескерілуі тиіс деп ойлаймын.

Нұрсұлу АРЫСТАНҒАЛИЕВА,
жеке кәсіпкер,
«Үздік кәсіпкер» аталымының иегері

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button