Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарМедицина

«Жасыл аймақта» он үшінші күн: Атырауда адам коронавирустан жазылып шықты

Атырау облысында өткен тәулікте 24  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 6-ы Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 15 жұмысшыдан, Жылыой-2, Исатай ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 13-інде  ауру симптомды түрде өтуде.


 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 29 адам  емделіп шықты. Қазіргі уақытта 110  адам үй жағдайында емделуде. 


Облыстық инфекциялық стационарда  69  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 20, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 215 адам оқшауланып, инфекциялық стационарда ем қабылдауда.

Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты  бүгін, он үшінші күн — Атырау облысы «жасыл» аймақта тұр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button