WhatsApp мессенджерінде «Атырау жаппай карантинге жабылады» деген жалған ақпарат тарауда…

COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырауда қаланың жаппай карантинге жабылатыны туралы ақпарат өтірік болып шықты.

«WhatsApp мессенджерінде Атырау қаласының 2 сәуірден бастап жаппай карантинге жабылатыны туралы жаңалықтың скриншоты тарап жатыр. Хабарламада қаладан шығар жолға блокпостар қойылып, 1 сәуірдің түн жарымына дейін қаладан шығып-кіріп алу керектігі жазылған. Хабарлама шындыққа жанаспайды. Бұл – 2020 жылы жарияланған жаңалықтың скриншоты. Қазір қала айналасында блокпостар жоқ, шығу және кіру жолдары ашық» деп хабарлады Атырау облысының әкімшілігінен.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз