Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Вирустан қорғайтын масканы қалай таңдау керек?

Профессор, MedSupportKZ волонтері Дана Ақылбекова вирустан қорғайтын маскаларды қалай таңдау керектігін айтып берді.

— Медициналық және мата маскалардың қайсысы вирустан жақсырақ қорғайды?

— Маска таңдау адамның қайда баратынына және немен айналысатынына тікелей байланысты. Тыныс алу жүйесі мен бет терісін ауа тамшыларымен берілетін инфекциялардан қорғау үшін дәріханаларда сатылатын қарапайым және қолжетімді медициналық маскаларды алуға болады. Матадан жасалған маскаларға келсек, олар да дұрыс тағылған жағдайда N95 және қарапайым медициналық маскалар сияқты вирустары бар ауа тамшыларын сүзеді. Маска тыныс алу кезінде аэрозольдерді блоктайды, олар матаға немесе сүзгіге түсіп, вирустың мөлшерін азайтады. Ал N95 респираторлары негізінен дәрігерлерге ұсынылады.

— Матадан жасалған маска таққанда, қандай материалды таңдаған жөн?

— Мата маскаларды коронавирус белгілері жоқ сау адамдар кие алады. Мұндай маскалар бірнеше қабаттан тұруы керек. Бет терісіне тиетін қабат тығыз тоқылған матадан (мақтадан) жасалуы керек. Ал керісінше беті тамшылар мен ылғалды өткізбейтін материалдан жасалуы қажет. Бұл полиэстер немесе мақта қоспалары секілді синтетикалық маталар болуы мүмкін. Киілген мата маскаларды кем дегенде 60 градус ыстық суда сабынмен жуу керек. Лас және дымқыл масканы киюге болмайды, дем алу қиындайтын масканы да киюге болмайды.

Америкалық ғалымдар маска тігу үшін түрлі маталардың тиімділігін тексерді. Маталар үлкен тамшыларды мата талшығымен механикалық түрде ұстайды, ал электростатикалық тартылыс арқылы кішкентай нано тамшыларын ұстайды. Өз тиімділігін дәлелдеген маталар ретінде тығыз мақта, табиғи жібек, фланель және шифонды ерекше атап өтуге болады. Бірнеше қабаттан жасалған маскалар 90% дейінгі ауа сүзу тиімділігін көрсете алады.

— Жасыратыны жоқ, көптеген адамдар бір масканы бірнеше күн, тіпті бірнеше апта тағады және ғимарат ішінде ғана қолданамыз деп ақталады. Бұған не дейсіз – масканы ауыстырып отыру қаншалықты маңызды?

— Вирустар матаның бетінде бірнеше сақталады және оған жинала береді. Әсіресе коронавируспен ластанған маска қайтадан адам бетіне тиюі мүмкін. Күн сайын қолдануға болатын маскалардың белгіленген уақыты немесе ұсынылған саны жоқ. Мұның бәрі сіздің не істейтініңізге байланысты. Алайда, егер сіздің маскаңыз кірленген, дымқыл немесе зақымдалған болса, жаңа маскаға ауыстыру керек.

— Маска таққан кезде түшкіру немесе жөтелу дұрыс па, мұндай жағдайда не істеу керек?

— Маскада немесе шынтақпен жауып тұшкіруге, жөтелуге болады. Осылайша сіз басқаларды зиянды микроб немесе вирус болуы мүмкін ауа тамшыларынан қорғайсыз. Коронавирус адамнан адамға түшкіру немесе жөтелу арқылы ауа тамшыларымен беріледі. Вирустар өздері «саяхаттамайды», ауа тамшылар арқылы беріледі. Бұл аэрозоль деп аталады. Өте үлкен бөлшектер алысқа ұшпайды, бірақ кішкентай тамшылар ауада ұзағырақ тұрып, басқаларға таралуы мүмкін.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button