Вакцинация: 10 атыраулық 200 мың теңгенің ақшалай сертификатына ие болды
«Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!» ұтыс ойынының алғашқы жеңімпаздарына сертификат табысталды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы Азаматтық альянсы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан ұтыс ойынының бірінші кезеңі қорытындыланды.
Ұтысқа 30 маусымнан бастап 10 шілде аралығында вакцина алған 40 884 адам қатысты.
Олардың ішінде С.Қалымбетов, А.Елемесов,Е. Махмутов,Г. Мұхамбетова,И. Вьюрков, Б. Төлеуғали, А. Мунбаев, Р. Өтеғұлов, Р.Дияров, А.Мұхамбетов ұтысты болды.
Ұтысқа ие болған Аслан Мұхамбетовтың айтуынша, әр адам бірінші кезекте саулығы үшін вакцина алуы қажет.
«Өзім QazVac екпесін алдым. Аса бір ауырсыну болмады. Ал, ойынның өткізіліп жатқанын білсем де ұтам деген ой мүлдем болмады. Бұйырмыс деген осы шығар» -дейді А. Мұхамбетов.
-Ұтыс ойынына вакцина алған атыраулықтардың бәрі қатыса алады. Ақшалай сыйлық бірнеше кезеңде өтеді.
Шілде айының қортындысы бойынша 3 млн. теңгеден 2 сертификат, тамыз айында тағы 3 млн. теңгелік екі сертификат ойнатылатын болады. Ең басты 10 млн. теңге 1 ақпаннан бастап 30 қыркүйекке дейін екпе алған азаматтар арасында ойнатылып, жеңімпаз қазан айында анықталатын болады, — дейді ұйымдастырушы, Азаматтық альянс қоғамдық қорының президенті Әлібек Семғалиев.