Вакцина ана мен нәрестені коронавирустан қорғай алады
Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин жүкті әйелдердің коронавирус инфекциясынан қалай қорғануға болатындығы туралы айтты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
— Әйел адам жүктілікті коронавирустан қорғалған жағдайда жоспарлауы керек. Жұқпалы инфекциядан сақтану үшін адамзат вакцинадан тиімді ештеңе ойлап тапқан жоқ. Вакцина алғаннан соң, әйел адам арада 3-4 апта өткеннен кейін жүктілікке қадам жасай алады.
Вакцина алу арқылы аналар жатырдағы сәбиде де антидененің қалыптасуына ықпал етеді.
Жалпы, отбасын жоспарлау кезінде әкесі де, шешесі де, айналасындағылар да вакцина алуы керек », — деді дәрігер. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, сондай -ақ жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау үшін Pfizer вакцинасын Қазақстанға әкелу жоспарланғанын хабарлаған болатын.
Вакцина 2021 жылдың соңына дейін елге жеткізіледі деп күтілуде. «Қазіргі таңда коронавирусқа қарсы аталған вакцинаны аймақтарға жеткізу бойынша логистикалық мәселелер жағы шешілуде. Яғни, Pfizer жақын арада әкелінеді, — деді А.Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында.